• Білім және ғылым
  • 20 Қаңтар, 2022

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ БІЛІМ

Коронавирус 2019 жылы желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласынан бастау алды. Ал Қазақстанға COVID-19 пандемиясы 2020 жылы 13 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бұл індетті жұқтырған адамдар анықталған сәттен бастау алды. 3 сәуірге дейін COVID-19 елдің барлық аймағына таралып үлгерді. 

Расын айту керек, кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр.

Әлем бойынша оқытудың балама түрлері ойластырылды. Қашықтан білім беру үшін сабақты телеарналар арқылы трансляциялау, видеосабақтарды арнайы платформаларға жіктеу, телерадио арқылы сабақтарды аудиотрансляция­лау, электрондық пошта және пошта қызметі сынды т.б. тәсілдер пайдаланылды. Әр мемлекет қашықтан оқыту процесінің оқушылар мен студенттерге неғұрлым қолжетімді болуын мақсат етті. Ол үшін интернеттің, техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігін анықтап, білім беру бағдарламаларының мазмұнын бейімдей бастады. Барлығын ескере келе, тиімді нұс­қасын алдын ала сынап көріп, таңдау жасалды.

Пандемия уақытында қабылданған шаралар қазақстандық мектептер үшін де жаңа әрі күтпеген жағдай болды. Өз тәжірибемізден қашықтан білім алудың артықшылығы мен тиімсіз тұстары болды. Тиімсіздігі білім алушылар көп уақыт бір телефонға немесе компьютерге үңіліп қарап отыруы. Ал тиімді жағы, әрбір оқушының өзінің қарқынына сай білім алуының мүмкіндігі болды. Білім алушы түсінбеген күрделі тақырыпты видео немесе аудио жазба арқылы қайталап көре алады. Ал жеңіл тақырыптарды кедергісіз қарап шығуға болады.

Қашықтан оқытуда басты ұстаным – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттесуіндегі интерактивтілік принципі. Қашықтан оқытуды университеттерге, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарына енгізуді жүзеге асырылған құралдарын эксперименталды түрде анықтауға мүмкіндік берді. Оларды атап кетсек: Zoom, Skype және т.б. бейнеконференциялар; оқу платформалары: ONLINE MEKTEP, BILIM LEND, Google Classroom, Kundelik.kz; сонымен қатар кейбір білім беру түрлерінде Whatsapp, Viber және т.б. мессенджерлер қолданылды. Жоғарыда келтірілген платформалар арқылы күнделікті сабақ кестесі бойынша білім алушыларға оқу тапсырмалары дер кезінде беріліп, беліленген уақытында қабылданып отырды. Оқыту механизміндегі өзгерістер туралы барлық өзекті және қосымша ақпараттар оқу топтарының чаттарына жіберіліп тұрды. ­Дегенмен де білім алушылардың мекенжайларына байланысты, кейбір ауылды аймақтарда интернет желісінің әлсіз болуына байланысты білім алушылармен кері байланысты орнату үшін жоғарыда айтылған платформалардың барлығын қолдануға тырыстық.

Қазақстанда COVID-19-дың таралуына байланысты қысқа мерзім ішінде қашықтан оқыту форматына тура келгендіктен кемшіліктер болмады емес, болды. Соған қарамастан оқы­тушылар мен білім алушылардың белсен­ділігінің нә­ти­жесінде барлық кемшіліктер түзетіліп отырды.

Пандемия білім берудегі цифрлық трансформацияны жеделтетіп, соның негізінде мұғалімдер баға жетпес тәжірибе жинады, жаңа дағдылар қалыптастырылып, цифрлық біліктілігін арттырды. Ал білім алушылар платформа мен контентке қол жеткізе отырып, ілгері білім алуға шексіз мүмкіндік алды. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, білім алушылар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететіні зор міндет. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас екенін түсіністікпен қабылдаймыз. Ата-аналар, педагогтер мен білім алушылар арасындағы пікірталасты мұқият қадағалап отырып, қашықтан оқытудың қол жетімділігін арттыратын тиімді шаралар қабылданғаны өте дұрыс шешім. Біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға сенімдіміз.

Жанар ЖАРКЕНОВА,

Сарыөзек орта мектебі ­

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауылы

2303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы