• Қоғам
  • 20 Қаңтар, 2022

Алехо Видал-Куадрас: ҚАЗАҚСТАНҒА ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙЫҚ

Айта кету керек, қазір  жақсы жаңалықтан гөрі БАҚ өз назарын жағымсыз жаңалықтарға көбірек ­аударады.  Соңғы екі аптада қазақтардың бейбіт өмірін дүр сілкіндірген бей-берекеттіктен кейін ғана испандықтар 1991 жылы тәуелсіздігін алған, оған дейін XIX ғасырда патша империясының құрамына кірген, одан кейін бұрынғы КСРО-ның құрамында болған мұнай мен газға, алтын, алюминий, уран, хром, ­молибден, никель, кобальт және басқа да табиғи ресурстарға бай ұлан-ғайыр елге назарын аударды.

Күткендей, Қазақстанда болып жатқан қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіруге бағытталған талдау­лар біздің дереккөздерімізде де көбейіп кетті. Олардың қатарында бұрынғы испан Сыртқы істер ­ми­нистрінің «қауесеттерге ергенше, үндемеген дұрыс» деген сөзді қайта жандандырған кең ауқымды ­тү­сініктемесі бар.

Еуропарламенттің вице-пре­зиденті болған он бес жыл ішінде Қазақстанға екі рет кел­дім және содан бері соңғы отыз жыл ішінде материалдық, мә­дени, әлеуметтік және саяси жетіс­тіктері айтарлықтай өскен елмен тығыз қарым-қатынаста болдым. Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 14 есеге өскенін айтсақ та жеткілікті. Елге 370 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Ел барлық деңгейде білім беруде айтарлықтай жетістіктерге жетті және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде жиырма бесінші орынға ие болды. Оның ең көп халық қоныстанған Алматы қаласы қарқынды дамыған қаржылық және коммерциялық орталық. Ал жаңа елорда  модернизацияның елеулі күш-жігері, жақсы талғам, шекті сән-салтанат пен эстетикалық тепе-теңдік арқылы жоқтан құрылған сәулет пен ландшафттық ғажайып. Астана университетінде оқыған дәрісімді қуанышпен еске аламын, онда менің баяндамамнан кейінгі кең әрі қызу пікірталасқа қатысқан жүздеген студенттердің байыпты дайындықтары мен ағылшын тілін тамаша білетіні қатты таңғалдырды. Осындай деңгей біздің мемлекеттік жоғары оқу орындарында болғанын қалаймын.

Қазақстанның тағы бір назар аударарлық ерекшелігі – әртүрлі діни конфессиялардың, бір көшеде православ шіркеуі, католиктік шіркеу, синагоганың немесе мешіттің алдында серуендеуге болатын ашық және толерантты жағдайдағы діннің толық еркіндігі аясында үлгілі өмір сүруі. Дүниежүзінің көптеген басқа елдерінде бұрын-соңды болмаған жайт – діндарлар құрмет пен келісімде өмір сүреді. Бұл жағымды қасиет институционалдық, әлеуметтік және саяси деңгейде ел билігі тарапынан мұқият насихатталды.

Қазақстанда жүзден астам адам қаза тапқан, мыңнан аса адам жарақат алған, әкімшілік ғимараттар қираған, әуежайлар басып алынған, шабуылдар жасалған әлеуметтік құрылымдағы елеулі өзгерістерді ­сипаттау қауіпсіздік күштері мен армияға қатысты ерекше қатыгездік, тонау мен бұзақылық кезінде мыңдаған адамдар қамауға алынған және бірнеше миллиард еуро шығынына жанармай бағасының негізсіз өсуінен туындаған азаматтардың стихиялық наразылығы ретінде басталды деудің шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Елдің батыс өңірлерінде сұйытылған табиғи газдың қымбаттауына арналған шерулер бейбіт өтті. Билік бұл ұнамсыз шараның күшін жою үшін дереу әрекет етті, жаңадан үкімет жасақталды.. Бұл жағдайды көлеңкеде дайындалған, нағыз төңкеріс жасау мүмкіндігін күтіп отырған диверсиялық топтар пайдаланды. Мұны Алматыдағы Қасиетті Троица епархиясының епископы ­отандасымыз Хосе Луис Мумбиела өз резиденциясының терезесінен зорлық-зомбылықты көріп, орын алған жайтқа баға беріп, оларды наразылық емес, қарулы шабуыл ретінде сипаттады. Оқиғаға кімнің қатысты екені әлі белгісіз болса да, барлау қызметінің басшысы мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер қамауға алынды  және тиісті тергеулер жақын арада мұның жай-жапсарын ашатын болады.

Қалай болғанда да, бұл ішкі құбылыс және институционалдық құрылымның құлдырамағанын және Президент Қ.Тоқаев пен биліктің дер кезінде, салмақты және батыл ­реакциясы арқасында қазақстандық қоғамға тыныштық пен бейбіт өмірдін қалай қайтарылғанын көру қуантады. ҰҚШҰ мүшелерінен, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан көмек сұрауы, ең алдымен, бұл ұйымның миссияларының бірі – бейбітшілікті сақтау және терроризммен күресу болғандықтан және екіншіден, елдегі он бір облыстың басты қалалары бейберекетсіздік орнап, от лаулаған сәтінде бұл шешім өте орынды болды.

Ал, әзірше Орталық Азиядағы сыртқы сауданың 50 пайызы және инвестицияның 48 пайызы ЕО-дан келетін Қазақстанмен жақында ғана жетілдіріліп, кеңейтілген Әріп­тестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімді қолдайтын Еуропалық Одақ әзірге Қазақстан би­лігімен жүзеге асырылып жат­қан экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформалардың ау­қымды бағдарламасында, әсіресе де­мократияның сапасын арттыру және адам құқықтары саласында белсенді ынтымақтасуы керек. Егер біздің, еуропалықтардың, Азиядағы шынайы, болашағы зор және өзекті серіктесі болса, ол – Қазақстан. Осыны ұмытпай, Қазақстан бізге қандай сүйіспеншілікпен, ілтипатпен, құрметпен қарағандай, бізде оған ­солай қарайық.

* Алехо Видал-Куадрас. Еуро­парламенттің бұрынғы вице-президенті (2004–2007 жж), Каталония Халық партиясының бұрынғы төрағасы (1991–1996 жж).

1026 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы