• Қоғам
  • 20 Қаңтар, 2022

ӨТІРІК АЙТАТЫНДАР АУРУШАҢ БОЛАДЫ

Адамның ең басты жауы – өзі. Өзінің тілінен, ниетінен, пиғылынан табады. Етке емес, ниетке тоясың. Жақсы тілекпен жүріп-тұрған адамның өмірі де жақсы болады.Соған орай мінез-құлық та қалыптасады.Димекең айтқандай, аспай, саспай, жаман жерді баспай жүру хақ.

Кейде «мен өзі тұзы жеңіл адаммын, маған өзі пәле үйір» деп жатады. Бұл адамның өзін ақтау, алдау, жұбату үшін айтылған сөз.Таза тұрып, таза жүрген адамға бәле жоламайды. Кезіккен қиындық, қырсықты жеңетін де кісі бойындағы рухи күш, иман бүтіндігі.
Әкем марқұм «бұл өмірде ер-жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Қиындық кезіксе қыңқылдама, жамандық кезіксе жасыма, оны жеңу үшін күресу керек. Оған тек адамгершіл қасиеттерді қарсы қойып жеңесің. Ең бастысы қырсығынан сақтасын» деуші еді.
Бұның бәрінен де ең қауіптісі – өтірік күлу, өтірік сөйлеу, өтірік мақтау. Сайып келгенде өтірік өмір сүру. «Ақиқат айтыламын дегенше, өтірік әлемді үш рет айналып шығады» деген үлық кісінің аты есіме түспей тұр. Бүгінгі қоғамда болып жатқан сұрапыл соның берген жемісі.
Ғалымдардың зерттеуі дәлелдегеніндей, өтірік айтатындар аурушаң болып, қатерлі кеселдерге жиі бой алдырады екен.

Қ.ҚАҒАН

1179 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы