• Мәдениет
  • 10 Ақпан, 2022

Өнегелі қызмет

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. «Ұстаз жүгі – ауыр жүк» демекші, ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір білім алушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік деп білеміз. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болуы. 

Тарыдай болып кірген білім ордасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүру­дің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаз – өзінің білімінен бөлек, тәрбие­сін қатар беріп, шәкіртінің өмірлік жолындағы жетістіктері мен қуаныш­тарына бірге қуанатын парасатты тұлға.

Сондай тұлғалардың бірі – Нұрзия Рахметова. Ол қиын да та­бандылықты қажет ететін білім мен ғылым жолында жүріп, тынымсыз еңбектің арқа­сында нәтижелі табыстарға жете біл­ген азаматша. Оның ұжым ортасын­да өзін­дік орны бар. Беделді, білікті, қара­пайым, адамгершілігі мол, жастарға қам­қор, әділдікті сүйетін шыншыл, көпшіл тұлға.

Біздің ойымызша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелеп, бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төккен Нұрзия Байтүкешқызы қамқоршы, ары таза, көңілі жайсаң ұстаздардың бірі.

Нұрзия Рахметова ғылым жолындағы еңбектері болашақ технология пәні мұғалімдерін (көркем еңбек) даярлаудағы оқу-тәрбие үдерісі мәселелерін қарастырып қоймай, қазақ халқының киім үлгілерін зерттеп, оның жіктемесін көрсетіп, бүгінгі таңның жастарына дәріптеп жүрген азаматшаларымыздың бірі деп айта аламыз. «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, ЖОО ғалымдары және жалпы білім беретін мектептермен бірлескен «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешендерінің авторлар құрамында.

Ол болашақ мамандарды кәсіби білім беруге даярлау мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосуда, оның ғылыми жетекшілігімен бірнеше магистрлік диссертациялар қорғалып, шәкірттері республикамыздың білім саласында қызмет атқарып жүр.

Құралай Бекболатова,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университетінің PhD докторы

Ақмарал Сманова,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университеті

педагогика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы