• Тіл
  • 17 Наурыз, 2022

ДИПЛОМАТТАР ЕҢ АЛДЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУІ ТИІС

ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Мемлекеттік тілдің халықаралық қатынастар саласындағы орны» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті Берік Әбдіғалиұлы, ҚР шет елдердегі мекемелерінің басшылары мен СІМ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Шахрат Нұрышев ҚР Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуі басты назарда екенін баса айтты. Бұл орайда, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Дипломаттар шет тілдерімен қатар, ең алдымен мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс» деген талап қойып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде депутат Берік Әбдіғалиұлы бірқатар заңнамалық актілерге мемлекеттік тілдің қолданысы бойынша енгізілген өзгерістер туралы айтып, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы жөнінде ақпарат берді. Жиынға қатысқан Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшылары мен СІМ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне Парламенттің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізгенін, осыған байланысты заң ­бойынша дипломаттардың мемлекеттік тілді білуі керек екенін ескертті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшісі Қ.Лама Шариф, ҚР Моңғолиядағы Елшісі Ж.Әділбаев, ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңлібеков, сондай-ақ ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілері А.Елемесов пен Е.Мұқаш сөз алып, дипломатия саласында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту бойынша ұсынысын білдірді.

Майя МҰРАТБЕК

 

1551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы