• Тіл
  • 14 Сәуір, 2022

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ТАМЫРЫ

Ұлттың бітім-болмысын, рухани құндылықтарын танытып, ұлт екенін айғақтайтын басты белгі ретінде ең алдымен тілді атайтынымыз заңдылық. Себебі ұлттың тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі болмайынша, мемлекет ретінде өмір сүріп, алпауыттармен тереземіздің теңесуі мүмкін емес. 

Қазақ – сөз өнерін арда тұтқан халық. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді», «Тіл – ұлттың тамыры, ұлық еткен тәңірі», «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деген де біз емес пе?!

ҚР ДСӘДМ «Республикалық клиникалық «Отан соғысының мүгедектеріне арналған госпиталь» ШЖҚ РМК клиникалық-диаг­ностика бөлімшесінің қыз­мет­­керлері мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп жүр. Емделушілер мен мамандар арасындағы қарым-қатынас, ескертулер мен ұсыныстар қазақ тілінде жүргізіледі. М.Аврелийдің: «Біріншіден, ештеңені де себепсіз және мақсатсыз істеме. Екіншіден, қоғамның пайдасына аспайтын ештеңені істеме» деген сөзін ұран еткен медицина саласының клиникалық-диагностика бөлімше қызметкерлерін емдеу, диагностикалау саласының мамандары деп қана қарастыруға болмайды. Медицина маманы – адам жанының шипасын тауып қана қоймай, ерік-жігер сыйлайтын, мүмкіндіктерді мүмкіндіктерге жалғайтын жауапты қызмет, ал ол қызметті мемлекеттік тіліміздің көркемдік әлемімен байланыстыра білу, қазақ тілінің медицина саласындағы беделін арттыру – маңызды міндет.

Қазақ тілін теңіз маржанындай, ата-бабалардан мұра боп қалғанындай асыл сипатында келер ұрпаққа жеткізу тек тіл мамандарының ғана емес, біз секілді клиникалық-диагностика бөлімшесі сынды тілге шешен, сөзге көсем, кәсіби жетілген медицина саласының көрегенді өкілдерінің абыройлы міндеті болмақ. Абай астарымен, Мұқағали мақамымен, Бұқар жырау бедерімен, Мағжанның сөздік зергерімен айшықталған мемлекеттік тіліміздің болашағы – еліміздің дамуына салынған баспалдақ деп есептейміз.

Гүлбану СҰЛТАНОВА,

Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық

клиникалық госпитальдің клиникалық диагностика

бөлімшесінің аға мейірбикесі

1264 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы