• Тіл
  • 14 Сәуір, 2022

Хангелді ӘБЖАНОВ, академик: АСЫҒАЙЫҚ, ЕРТЕҢ КЕШ ҚАЛАМЫЗ!..

«Ана тілі» газетінің биылғы №11-12 санында жаряланған «Мәртебесі жоқ кітапхана мемлекеттен қолдау күтеді» атты журналист Дина Имамбайдың мақаласына орай ғалым­дардың пікірін ұсынамыз.

«Ана тілі» газеті ұлттық мүддеге бекемдігін тағы да көрсете алды. «Ақиқат» журналының жауапты қызметкері Дина Имамбайдың Орталық ғылыми кітапхана  жайлы мақаласын оқыған соң осындай пайым-тұжырымға келіп отырмын. 
Кезінде бұл кітапхананың аяғынан тік тұрып кетуі үшін хал­қымыздың ардақты ұл-қыздары аянбай еңбек етіп еді. Мұндағы кітаптардың мұқабасында Әуезовтің, Марғұланның, ­Сәт­баевтың, Базанованың, тағы басқа ғалымдардың саусақтарының ізі бар.
Рас, кітапхананың бүгінгі жай-күйі сын көтермейді. Ол барлық мәртебесінен айырылып, кітап сақтайтын қоймаға айналды. Мамандардың айлығы төмен. ­Сирек кітаптар мен қолжазбаларды сақтау, баптау және қалпына келтіру көңіл көншітпейді. Өйткені реставрациялау жұмыстары ­заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен емес, осыдан 50-60 жыл бұрынғы әдіспен жүргізіледі. Мәтіндер өшуге жақын. Енді 5-10 жылдан кейін олардан да ­айырыламыз. Қаншасының қолды болғаны бір құдайға аян.
Ахуалды оңалтудың бір ғана жолы бар. Ол – кітапхана ісі ­туралы Заң қабылдау. Заңда орталық ғылыми кітапхана мәртебесі, қаржыландырылуы, автономиясы арнайы қарастырылуы керек.
Қысқасы, жұмыс көп, уақыт аз. Асығайық. Ертең кеш қаламыз.

1579 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы