- Мәдениет
- 04 Наурыз, 2009
«Таң-Шолпан», №1
Талапты жастардың шығармаларын үзбей жариялап келе жатқан журнал биылғы алғашқы санын «Жаңа есім» айдарымен Дархан Бейсенбектің «Қарақат тере барғанда» атты әңгімесімен ашып отыр. Сондай-ақ, «Проза» айдарымен есімі белгілі қаламгер – Нәсіреддин Серәлиевтің бұрын еш жерде жарияланбаған «Көлеңке» атты повесін, Ғаббас Қабышұлының «Жанпида» атты очеркін оқырман назарына ұсынады. «Поэзия» айдары бойынша ақындар Мақсұт Неталиевтің «Шындық пен сұмдық», Серік Қапшықбайұлының «Менің қайғым отанымның қайғысы», Айсұлу Рүстемованың «Жеті рет талдар бүр атты» жыр топтамалары жарық көрген. «Көсемсөз» айдарымен тарих ғылымының докторы Рашид Тәжібаевтың әлемдік қаржы дағдарысының тарихи себептерін сөз еткен «АҚШ пішкен тон...» атты мақаласы, белгілі журналист Динара Мыңжасарқызының «Дініміздің беріктігі жаңа заңға байланысты» атты сараптама мақаласы жарияланды. Өткен ғасырдың алғашқа жартысында Түркияда өмір сүрген дінтанушы Саид Нұрсидің ойларын «Шетел әдебиеті» айдарынан табуға болады. Оның пәлсапалық ойларын түрік тілінен аударып, өлеңге айналдырған Нұрлыбек Саматұлы. «Әдеби сын» айдарынан Нұрдәулет Ақыштың «Тарихи тақырыпқа көркем барлау» атты мақаласын оқуға болады. Сондай-ақ оқырман Тұрлыбек Мәмесейіттің «Бәкей қыз» деген пьесасын, өлкетанушы Амангелді Қалыбаевтің «Шектіде Жылқамандай батыр өткен...» атты мақаласын журналдың осы санынан оқи алады. Журналдың биылғы таралымы – бес мың дана. Қаламгерлер шығармаларын мына жаңа мекен-жайға жолдай алады. Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 66 «б» үй. «Таң-Шолпан» журналы. Тел: 8(727) 276-45-17, 8-702-438-26-29. Электронды пошта – balabi@mail.ru

8653 рет
көрсетілді807
пікір