• Білім және ғылым
  • 21 Сәуір, 2022

Көктем наурыздан басталады

№165 мамандандырылған лицейінде «Наурыз мерекесі» атты іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында лицей директоры Ербол Сейітұлы Баеков қонақтар мен ұстаздарды, оқушыларды игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны болып саналатын қасиетті де киелі мерекемен құттықтады, сондай-ақ мереке қарсаңында лицейдің 30 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесі шығарылып, лицей басшысы мектепішілік байқаулардың жеңімпаздарын сынып жетекшілерді  мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекеге орай әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылып, мың бұралған бишілер би биледі, дәстүріміз жаңғырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Нұргүл Қожахметова ізгі тілек білдіріп, шашу шашты, игі дәстүр болып саналатын бата берілді. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алды.
Өскелең ұрпаққа өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыру үшін бабалар сөздерін үнемі жадымызда ұстауымыз керектігі, наурыз мерекесінің тарихы баяндалды.
Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан лицейіміздің айбыны осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. 

Динара Тоғайбекова, 
№165 лицейдің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі

1632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы