• Тарих
  • 28 Сәуір, 2022

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ЕМТИХАНДЫ АУЫЗША ТАПСЫРАДЫ

Жыл сайын 11-сынып оқушылары Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Ал биылғы оқу жылында қандай ерекшеліктер бар? Тапсырылатын сұрақтар тек мектеп бағдарламасы аясында ма? Қазақстан тарихына қатысты емтиханда қандай өзгерістер бар? Осы сауалға Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан ­Каринова жауап берді.
– Жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да мектеп түлектері 5 пәннен емтихан тапсырады. Емтихан пәндері және тапсырмалардың мазмұнына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы да мектеп бағдарламасы аясында. Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихынан емтиханды ауызша тапсырады. Бұл мәселе соңғы жылдары жиі талқыланып келеді. Тарих пәні мұғалімдері үшін бұл жаңашылдық емес, – деді Шолпан Каринова министрлікте өткен тікелей эфир барысында.
 Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан тарихы пәнінен емтиханды ауызша тапсыруға қатысты министрлікке бірнеше рет ұсыныс келіп түскен. 
– Нақты айтсақ,  емтиханның форматы ғана өзгеріп отыр. Ауызша, жазбаша, тест болсын, емтихан тапсырмалары оқу бағдарламасының аясында әзірленеді. Сырттан, қосымша тапсырма болмайды. Оның үстіне Қазақстан тарихы пәнінен емтиханды ауызша, яғни билет арқылы тапсыру бұған дейін бар тәжірибе, – деді ол.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

1695 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы