• Білім және ғылым
  • 28 Сәуір, 2022

«Білім, ғылым және өндіріс сабақтастығы»

Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауретаты Ербол Сахитұлы Махмотовтың «Білім, ғылым және өндіріс сабақтастығы» атты семинары өтті. 

Шығармашылық кездесудің басты мақсаты – ғалым еңбектерін көпшілік оқырманға таныстыру, өмірі мен шығар­машылығы туралы өз замандастары арасында пікір алмасу, сол арқылы жастарға үлгі өнеге ету. 
Ic-шараға техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мемлекеттік мұнай және газ университетінің индус­тральды директоры Сайранбек ­Ахметов, саясаттанушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Сейдахмет Құттықадам, журналист, жазушы Шархан Қазығұл, Мұнай компаниясының бұрынғы Бас директоры, Республикалық «Мұнай-газ комплексінің ардагерлері» қоғамының бас директоры Анатолы Тегісбаев, мұнай өндірісінің ардагері, ғалым, инженер метролог Берік Бүркітбайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» ордендерінің иегері ­Зейнолла Алшынбаев, республикалық «Мұнай-газ комплексінің ардагерлері» қоғамының бас директоры консультанты Ханим Кусаев, республикалық «Мұнай-газ комплексінің ардагерлері» қоғамының мүшесі Амантай Сүйесінов т.б. зиялы қауым өкілдері мен студенттер, оқырман қатысты.

А.Ұлтанбекова
 

2492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы