- Қоғам
- 28 Сәуір, 2022
Бала денсаулығы – басты назарда
Алматыда медицина ғылымдарының докторы, белгілі балалар хирургы Нұрлан Ахпаровты еске алу құрметіне арналған «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Конференцияға ТМД, Қазақстан және шет елдерден 100-ден аса жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысты.
Педиатрия орталығының басшысы Риза Боранбаева, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, медицина ғылымының докторы, профессор Нұрлан Арын алғы сөз сөйлеп, ғылымға қадам басқан жас ғалымдарға жаңа ізденіс тіледі.
Қызмет жолында Нұрлан Нұркинұлы 10 мыңнан аса операция жасап, мыңдаған баланың өмірін аман алып қалған, отаның 21 түрін Қазақстанда алғаш рет енгізген новатор ғалым.
«Білікті хирург Нұрлан Нұркинұлын білмейтін жан жоқ, оны еліміздің барлық өңір дәрігерлері, алыс-жақын шетелдердің мамандары жақсы таниды, құрмет тұтады. Оның медицина мен ғылымдағы жоғары жетістіктері тынымсыз еңбек пен мол ізденістің, өз мамандығына деген сүйіспеншіліктің жемісі. Ол балалардағы ауруларды диагностикалаудың және хирургиялық емдеудің жаңа, маңызды әрі тиімді әдістерін елімізде белсенді түрде әзірлеп, енгізді. Медицина ғылымы мен тәжірибесінің заманауи дамуы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінсіз мүмкін емес», – деп атап өтті конференцияның ашылу салтанатында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева.
Н.БАТЫР
757 рет
көрсетілді0
пікір