- Мәдениет
- 28 Сәуір, 2022
«Толағай талай» жыр кеші
Алматыда Логистика және көлік академиясының мәжіліс залында ақын, аудармашы, публицист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ержан Алаштуғанның «Толағай талай» атты жыр кеші өтті. Жыр кешін аталған академияның «Логистика және басқару» институты ұйымдастырды.
Жиында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан сөз зергерінің шығармашылығына жан-жақты тоқталды. «Үкілі үміт» композиторлар байқауының лауреаты, Мәдениет қайраткері, тұңғыш әзіл-сықақ конкурсының лауреаты, бірнеше танымал әндердің авторы Қадырғали Көбентай, дәстүрлі әнші, өнер зерттеушісі Ерлан Төлеутай, ақын, публицист, ҚЖО Бас әдеби кеңесшісі Бағдат Мүбәрак, ақын, сазгер, әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі Роза Әлқожа және тағы басқалар естеліктерімен бөлісіп, өлең оқып, ән салып, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Логистика және көлік академиясының ректоры, физика-математика ғылымының докторы, профессор Салтанат Әмірғалиева мұндай жыр кешінің жастарға берер тәлім-тәрбиесі зор екенін атап өтіп, кеш иесіне, қатысушыларға ризашылық сезімін жеткізіп, алғыс айтты.
Бағдагүл МҰРАТҚЫЗЫ
1139 рет
көрсетілді0
пікір