• Руханият
  • 05 Мамыр, 2022

1941 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ

Қазақтың партизан батыры Әди Шәріповтің өмірі мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігін арқау еткен «1941 жылдың жазы» атты көркемфильм көрерменге жол тартты.

Фильмнің таныстырылымында сөз алған батырдың жары Клара Мыңжасарова «ол кісінің соғысқа арнап жазған кітаптарын көп оқығанын, архиві бай екенін, тіпті партизандардың жазған хаттары әлі күнге дейін қорап-қорап болып жиылып тұрғанын» атап өтіп, кино түсіру идеясын өзі ұсынғанын айтты.

Сценарист, режиссер ­Бекболат Шекеровтің айтуынша, көркем фильмнің сценарийі 2014 жылдан бастап жазылған. «Әди Шәріпов ашаршылықты да, репрессияны да көрген. Жас кезінде, студент шағында Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллинмен бірге жұмыс істеген. Біз Клара Мыңжасаровамен бірлесіп, сценарийді бес жыл бойы жазып келдік» деді ол.

Бір қолынан қаруын,  екінші қолынан қаламын тастамаған жазушының рөлін Азамат Нығыманов сомдаған. Бұған дейін бірнеше әскери драмада ойнаған ­Азамат мұндай ірі тұлғаның рөлін сомдау өзіне жүктелген жауапкершілік екенін айтса, актер Әлихан Лепесбаев «Фильмде шынайылық басым. Киноны көрген көрермен кітабын да оқу керек деп іздейтіні белгілі. Өйткені бұл нақты бір желімен түсірілген фильм. Отанға деген сүйіспеншілікті оятатын, патриоттық рухты көрсететін фильм» деген бағасын берді. 

Фильмнің түсірілімі соғыс кезінде фашистермен ең қатал шайқас орын алған жерде өтті. Негізгі түсірілім орындары Беларусьте болса, кейбір көрініс Алматы облысында түсірілген.

Белоруссиядағы Мухинский орманында 28 ай бойы партиязан отрядын басқарып, жау шабуылына төтеп берген Әди Шәріповтің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

1416 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы