• Руханият
  • 05 Мамыр, 2022

ҰРАНДЫ ЕРДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАҺАРМАН БОЛАР

Нұрболат Абайұлы
«Ana tili»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Үкіметі мен Қорғаныс министріне мемлекетіміздің қорғаныс саласын шұғыл түрде жүйелі реформалауды тапсырып, өз тұжырымын төмендегіше түйіндеген еді.

– Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сынды стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік органдарымыздың, сыртқы барлау қызметтеріміздің жұмысын қайта құру қажет. Олардың барлығы бір мақсатқа – кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатер кезінде азаматтарымызды, конс­титуциялық құрылымды, егемен­дікті барынша тиімді қорғауға жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Мұны мем­лекетіміздің негізгі мүдделері талап етеді, – деді Президент.

Реформаның қанша уақытқа ­созылатынына уақыт төреші. Бірақ жайбасарлықты уақыт кешірмейтіні анық. 7 мамыр Отан қоғаушылар күні ретінде мерекеленіп келе жатқалы отыз жыл. Кеңес Одағы ыды­раған соң Қорғаныс саласы қайта құрылып, күрделі реформаларды ­басынан өткізгеніне де осынша уақыт. ­Ендеше, «Осы уақыт аралығында бұл сала қандай жетістіктерге жетті, нендей кемшіліктері бар, елімізді, жерімізді сыртқы және ішкі жаулардан қорғай ала ма, қорғаныс әлеуеті қаншалықты?» деген сауалдарға ­жауап іздеп, журналистік зерттеу жасаған едік. Бұл бағытта әлем ақпарат құрал­дарының бәрінің жүгінетін бір сараптама орталығы бар. Ол – АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сараптама орталығы Global Firepower деп аталады.

166 ЕЛДІҢ АРАСЫНДА 54-ОРЫНДА ТҰРМЫЗ

Бұл орталық жыл сайын дүние­жүзі мемлекеттерінің әскери қуат­тылық рейтингін сараптап, зерттеп түзеді. Сараптаудың жүздеген шарты бар. Әр мемлекет әскерінің санынан бастап, қанша техникасы бар, техникалары қай жылдары өндірілген, оның ішінде әуе күштері, ұшқыр ұшақтары қаншалықты, зымырандарының қуаты қандай, ауыр танклері қанша, олар қандай жылдамдықпен жүреді деген сияқты толып жатқан критерийлерді елеп-екшейді. Одан өзге рейтингтегі елдердің қорғаныс күшін анықтау үшін PowerIndex бағамы бойынша қаржыландырудан бастап, жер көлемі, жан саны, бюджеті, туу көрсеткіші, запастағы әскер саны материалдық-техникалық әлеуеті және географиялық өзгермелі жағдайларын ескере отырып, 50-ден аса жеке факторлар да пайдаланылады. Сараптама шарттарының көбі әскери құпия саналатын ақпараттар. Бірақ аталмыш орталық үшін құпия мәселе жоқ сияқты...

Енді осы сараптама қортындысына үңілсек, оның нәтижесі әр ­жылдары әртүрлі. Бірақ көш басында, 166 мемлекеттің арасында үнемі алпауыт ел АҚШ тұрады. Одан кейінгі орында – ­Ресей. Үшінші орынды әскерінің саны көп Қытай ешкімге бермейді. Екі миллион, 185 мың тұрақты әскері бар деген мәлімет тіркелген. Төртінші орында Үндістан, одан кейін зымыран сынаудан алдына жан салмайтын Солтүстік Корея жайғасып, тізім ары қарай жалғаса береді.

Осы рейтингте Орталық ­Азияда хал­қының саны бізден әлдеқайда көп Өзбекстан жыл сайын алдымызды орап жүр. Олар биылғы рейтингте 52-орынға тұрақтаған. Бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында Ресей (2-орын), Украина (27-орын). Екінші орындағы ел жиырма жетінші орындағы мемлекетке қандай зорлық көрсетіп жатқанын көз алдыңызға елестете беріңіз...

Беларусия 53-орынға тұрақтап, біздің алдымызда тұр. Қазақстан армиясы ешқашан үздік 40 елдің қатарына кірген емес. Мысалы, 2013 жылы 106 елдің ішінде 80-орыннан көрінген. Ал 2014 жылы 66-шы сатыға көтерілген. Бұдан кейінгі жылдары да жағдайымыз түзеліп, 2015–2017 жылдары жыл сайын жаңартылатын рейтингінің 53-ші орынды иеленген. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 2018 жылы 136 елдің арасында алғаш рет 50-орынға көтерілді. Былтыр 138 елдің арасында 54-орыннан көрінгенбіз. Биыл 138 елдің ішінде 63-сатыға жайғастық. Сараптама орталығының ақпаратына қарасақ, сараптамаға ілінген елдердің саны да өзгеріп отырған.

 

ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША ӘСКЕР БАР?

 

Енді «елімізде жалпы жиынтығы қанша әскер бар?» дегенге келсек, 70,5 мың әскер тіркелген. Оның 39 мыңы Қорғаныс министрлігіне қарасты болса, 31,5 мыңы басқа әскери құрылымдарда. Мұның сыртында 45-59 жас аралығындағы, зейнетке шыққан запастағы әскерилер және әскерге бармаса да әскерге жарамды резервтегі азаматтарымыз бар. Олардың саны әр жерде әртүрлі көрсетіліп жүр. Солардың көңілге қонымдысы – 200 мыңға жуық деген ­дерек. Сарапшылар осылардың арасында әскери-жаттығу жиындарын жыл сайын жүйелі өткізіп тұру керек екенін айтады. Бұл шынында да орынды пікір. Әскеріміз осындай әскерге жарамды азаматтармен өз әлеуетін арттыратыны даусыз.

 Бұрынғы одақтас елдер ішінде Украина­да 209 мың, Әзербайжанда 126 мың 950, Өзбекстанда 98 мың, Беларусьте 45 мың 350, Арменияда 44 мың 800 әскер бар. Ал бауырлас қырғыз елінің тұрақты әскерінің саны – 10 мың 900 екен.

Өзбекстан қарулы күштерінің ­Қазақ­с­­таннан қандай артықшылығы бар? ТМД елдері институтының Орталық Азия және Қазақстан бойынша бөлі­мінің бастығы (Мәскеу) Андрей Грозиннің айтуынша, қорғаныс саласын қаржыландыруға ең көп қаражатты Орталық Азияда Қазақстан бөлетінін айтады. Екінші орында Өзбекстан әрі қарай Түркіменстан,Тәжікстан, Қырғызстан көрінеді.

– Қазақстан заманауи әскери техникалар және қару-жарақпен қамтылуы жағынан Орталық Азияда көшбасшы. Алдағы уақытта да солай болып қала беретіні анық. Бірақ Қазақстанда барлық техника мен қару-жарақ ­заманауи ­деуге келмейді. Ресейден сатып алған қарулардың барлығы соңғы үлгідегі емес. Алайда Орталық Азияның өзге елдерінде мұндай да мүмкіндік жоқ. Өзбекстан Қазақстаннан сапа жағынан емес, сан жағынан ғана басым түседі. Ал Қазақстанның әуе күштері мен әуе қоғанысының сапасы осы аймақтағы елдерге қарағанда бірнеше есе жоғары, – дейді сарапшы Андрей Грозин.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің құрлықтағы күштерінің сапасы бойынша да көршілерінен озық. Біздің ел зымыран артиллериясынан танктерге дейін модернизацияланған жабдықтармен қам­тамасыз ететін Ресей Федерациясымен ұзақ мерзімді серіктестікке қол жеткізген.

 

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ

 

Сарапшылардың пікірінше, ­Қазақ­с­танда қорғаныс саласы мемлекет бюджетінен тұрақты қаржыландырылады. Ал бұл өз кезегінде жаңа, соңғы үлгідегі қару-жараққа, әскери техникаға, байланыс құралдарына, әскерилердің сапалы киміне, қуатты тамақтануына мүмкіндік береді. Мәселен, Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша қорғаныс саласының үш жылдық бюджеті 2020–2022 жылдары пандемия қиындығына қарамастан 961 ­миллиард теңгені құраған. Бұл қаржы жылдан жылға өсе беретінін айтады, сарапшылар. ­Мысалы, Қорғаныс министрлігінің бюджеті 2006 жылы 80.5 миллиардтан 2016 жылы 434.1 миллиард теңгеге дейін өскен.

Елімізде төрт өңірлік әскери қолбас­шы­лық штабы бар. Олар: «Астана», ­«Батыс», «Шығыс» және «Оңтүстік». Осы өңірлік қолбасшылықтар арқылы еліміздің шекарасы және қауіпсіздігі қорғалады. Бұл әскери дайындықты тиімді ұйымдастыруға және әскер миссиясына қатысты міндет­терді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрлық әскерінің қауқары жоғары. Global Firepower сараптама орталығы мәліметі бойынша, ҚР армия­сында 650 танкі, 800 БТР және БМП, 300 сүйрелмелі артиллерия, 100 бірлік дүркіндетіп ататын реактивтік жүйе бар.

 Әуе әскери күштері мен әуе теңіз күштері, әскери теңіз күштерінде ұшу аппараттарының жалпы саны – 222. Оның ішінде 76 жоятын, 39 штурмдық, 18 әскери-көлік, 18 оқу-жаттығу ұшақтары мен 71 әскери, 18 соққы беретін тікұшақтар бар. Қазақстанның Әскери әуе күштері мен басқа құрылымдарда қазіргі кезде 15 әскери патрульді кемелері қолданыста.

Еліміздегі құрлық шекарасының ұзындығы – 13392,6 шақырым. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен жалғасасады. Шекарамызды ҰҚК қарасты Шекара қызыметіне қарасты сарбаздары төрт өңірлік қолбасшылық штабтар басшылығымен қорғайды.

 Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда АҚШ, Түркия, Ресей және басқа мемлекеттермен арадағы әскери ынтымақтастық туралы ақпараттарға үңілсек, мұндай ынтымақтастықтың қалып­тасқанына алды 25 жыл болған. Мәселен, АҚШ-пен әр 5 жыл сайын әскери ынтымақтастықтың 5 жылдық жоспарын бекітіп отырады. Түркиямен де түрлі байланыс орнаған. Франция және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы мемлекеттермен, НАТО күштерімен оқу-жаттығу, өзара әріптестік тұрғысынан көптеген ынтымақтастық қарым-қатынастар жасалған. Бірқатар жаттығуларға сарбаздарымыз қатысып, тәжірибелерін толықтырып жүр.

 Қорғаныс саласының әскери әлеуеті жөніндегі журналистік зерттеуімізге бұрын осы салада қызмет етіп, бүгінде әлі қоғамдық істермен айналысып жүрген екі азаматтың пікірін сұрап едік, енді соған кезек берелік.

843 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы