• Мәдениет
  • 12 Мамыр, 2022

Театр – мәдениеттің ордасы

Меніңше, театр  – ең қиын өнердің бірі. Өйткені ол әдебиетті, актерлік ойын мен музыканы біріктіреді. Сапалы спектакль жасау үшін көп адамның күш-жігері қажет және спектакльдің сәтті шығуы олардың әрқайсысына байланысты.

Қоғам қазіргі театрдың мүмкіндігін мектеп оқушыларының көркемдік тәрбиесінің нақты құралы ретінде қарастырады. ­Театр барлық уақытта дарынды көрермен мектебі болған. ­Театр – тәрбие құралы. Ол мектеп оқушыларын өнер түрі ретінде таныстырудан, отандық және шетелдік театр тарихын зерттеуден, актерлік элементтерді игеруден және қойылымнан тұрады. Мектептегі театр білімі мен тәрбиесі көрермендер мәдениетінің негіздерін тәрбиелеуге, театр және орындаушылық дағдыларды дамытуға, студенттердің театр өнері туралы білімін жинақтауға бағытталған. Театрда эмоция бар. Сахнадағы көріністен біз ләззат алып, ішкі жан дүниемізбен сезініп, керемет көңіл күймен шығамыз.

Жалпы айтқанда, көптеген көрермендер үшін театрға бару – бұл кішкентай мереке. Сондықтан театр құрмет пен ұқыптылықты қажет ететін күрделі шығармашылық процесс. Біз болып жатқан оқиғаға баға беру арқылы сахнадан энергия алып шығамыз.

Адамзат үшін театр – дәстүрлі өнер түрі. Ұстаз театр сабағында, репетицияда балалардың жас ерекшелігіне сәйкес театр туралы білімін кеңейтіп жүйелейді. Театрда балаларды сабаққа ғана үйретпейді, бұл жерде адам өз сана сезімімен күресіп, өмір сүруге ынтасын арттырады.

Сахнада болып жатқан оқиғаларға көрермен іштей араласады. Бұл әрбір көрерменнің толқуын, дербес, ішкі шығармашылығын да қамтиды. Көрермен актер ойынын көре отырып, ойланады, сахнадағы суреттен өзінше пікір қалыптастырады.

Театр – көрермен үшін үлкен мектеп. Интернеттегі бейнекөріністердің көп миллиондық аудиториясы мен қарапайым театр аудиториясын сандық жағынан салыстыруға келмейді. Бірақ театр көрерменінің білімі мен мәдениеті бөлек. Сондықтан көрерменнің кейінгі жылдары театрға көптеп келуі астарында осындай жоғары мәдениеттің өлшемі жатыр.

Балдай МЫРЗАҒАЛИЕВА

1608 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы