• Білім және ғылым
  • 12 Мамыр, 2022

ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ӨНІМІ

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді.

– Биологиялық шикізаттан ­гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакция­лар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режимін таңдау және т.б. есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге, – дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.

Қазір химия ғылымының докторы, профессор З.А.Мансұров медицина ғылымының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚазМҮББУ стоматология кафедрасының профессоры М.А.Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.

«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция ­ту­дыр­майды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, реге­не­рация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», – деп түсіндірді Зұлқайыр Мансұров.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекс­телген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді.

Айта кетейік, ғылыми жұмыс ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

 

Н.БЕЙСЕМБАЕВА

3360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы