• Қоғам
  • 12 Мамыр, 2022

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ОРНАЙДЫ

Халықаралық еңбек ұйымының жоғары миссиясының Қазақстан Республикасына ресми іссапары шеңберінде төралқа төрағасы Жұмабек Жанықұлов бастаған Қазақстан Республикасының «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу жұмысын Халықаралық Еңбек Ұйымы делегациясын оның бас директорының арнайы өкілі – профессор Бруун Никлас басқарды.

Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) әлеуметтік әділеттілікпен әріптестік қағидаттарын ілгерілетуді, еңбек саласындағы нормалар мен құқық­тардың жоғары стандарттарын енгізуді өзінің мақсаты етіп қоятын Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің маман­дан­дырылған агенттігі.

«PARYZ» Жұмыс берушілер Конфедерациясы соңғы жиырма жыл бойы ХЕҰ сессияларында Қазақстанның жұмыс берушілері атынан ресми ­делегаты және серіктесі болып танылады. Сондай-ақ ХЕҰ-мен бірге Қазақстанда  әлеуметтік диалогты дамыту, әлеуметтік және экономикалық сипаттағы әлемдік үздік стандарттарды енгізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Маңызды бағыттардың бірі ретінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу және «PARYZ» Конфедерациясы мүшелерінің мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар ­дайындау мақсатында Қазақстанның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерін біріктіру қарастырылған.

Осылайша, ХЕҰ мен «PARYZ» Кон­фе­дерациясымен бірлесіп қол­даныс­тағы заңнаманың халықара­лық нормаларға, оның ішінде ХЕҰ мен БҰҰ Конвенцияларына бірқатар сәйкессіздіктерін анықтады және олардың негізінде еңбек заңнамасына өзгерістер жобаларын әзірледі. Нәтижесінде, 2018 жылы ХЕҰ ұсынымдарын іске асыру және заңнаманы еңбек қатынастарының халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі ортақ Жол картасы қабылданды. Қорытындысы ретінде 2020 жылғы мамырда заңнамаға өзгерістер  енгізілді.

ХЕҰ жоғары миссиясының аталған іссапары «PARYZ» Конфедерациясымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістердің іске ­асырылуын бақылауға бағытталған. Сондай-ақ кездесу ­барысында екіжақты серіктестіктің тиімділігін арттыру мақсатында Халықаралық Еңбек Ұйымының жұмыс берушілер қызметі жөніндегі бюросы мен «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы арасында меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында «PARYZ» Конфедерациясы президиумының жаңадан сайланған төрағасы Жұмабек Жанықұлов делегация мүшелеріне конфедерациядағы өзгерістер жайлы және оның атқарушы органының күшеюі туралы айтып, жаңа жұмыс ­жоспарларымен ­таныстырды. ХЕҰ миссиясы Конфедерация жұмысындағы жаңа бағыттарды жоғары бағалады. Нәтижесінде, бірлескен жұмыс­ты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жет­кізілді. Сондай-ақ екі тараптың да назарын талап ететін Қазақстан кә­сіпкерлерінің мәселелері талқыланды.

Н.СҰЛТАНҒАЗИЕВ

1059 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы