• Қоғам
  • 18 Мамыр, 2022

Елордада конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша кездесу өтті

18 мамырда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелері елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.

Жиын қатысушылары Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңызын талқылады. Спикерлер дауыс беру белсенділігінің ел дамуына қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.

         Кездесуге «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Төлеубек Мұқашев, ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, заң ғылымының докторы, қоғам қайраткері Есберген Алауханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жастар» театрыны директоры Әділ Ахметов және өзге де елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

«Мен бұл референдумның өтуін толық қолдаймын. Бірақ оның ар жағында көптің көкейінде тұрған біраз мәселе бар. Жалпы, халықта референдум, сайлау дегенге сенімсіздік басым.  Себебі, өткен отыз жылдықта мұндай науқандар ешқашан  әділ өткен емес. Орталық сайлау комиссиясын құда-жекжат басқарғаннан кейін-ақ бұл саланың қалай былыққанын бағамдай беруге болады. Сондықтан алдағы референдум Президент Қ. Тоқаев басқаратын жүйеге үлкен сын болғалы тұр. Осы жолы халықтың сеніміне ие болса, онда демократиялық бастамасы ары қарай дұрыс жалғасын табады. Ал тағы да жеке мүдделерге жұмыс істеп,  демократияны тұншықтыру басталса онда үміт біржола үзіледі», – деді филология ғылымының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Айта кетейік, республикалық референдум  5 маусым күні өтеді.

540 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы