• Мәдениет
  • 19 Мамыр, 2022

«ЖАУҺАР ЖӘДІГЕР» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Nur Alem болашақ энергиясы музейінде коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Бахаргүл Төлеген – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Әдемі-Ай» ұлттық кәдесыйлар компаниясының ­директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Ол қазақ халқының қолданбалы антикварлық бұйымдарын 20 жылдан астам уақыт бойы жинап, халыққа таныстырып келеді.

«Жауһар жәдігер» көрмесінде мәдени құндылығы аса жоғары, бірнеше ғасырлық тарихы бар 1000-нан астам жәдігерлік бұйым қойылған. Олардың барлығы – Орталық Азия және қазақ халқының сирек кездесетін бағалы қолөнер бұйымдары. Көрмеде біздің эрамызға дейінгі III-I ғасырлардағы Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI-ХII ғасырларға жататын тарихи құнды дүниелер кездеседі.

– Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз – ұмыт қалып бара жатқан ата-бабамыздың көне, бай мұрасын жинап, жаңа буынға, жас ұрпаққа таныстыру, аманаттау, – дейді  коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлеген.

Елорда тұрғындары мен ­қо­нақ­тары көрмеге келіп, этно­графиялық бұйымдардың бай коллекциясымен, тамыры терең тарихи жәдігерлерімізбен таныса алады.

Көрме «QazExpoCongress» ұлт­тық компаниясы және Бахаргүл Төлегенмен бірлесіп ұйым­дастырылған.

Гүлханым ТАЛҒАТ

1056 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы