• Мәдениет
  • 19 Мамыр, 2022

МУЗЕЙГЕ ТҮНДЕ БАРСАҢЫЗ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс-шарасын өткізеді. Жыл сайын өтетін аталмыш  жоба қазақстандық музейлер мен әлемнің белгілі музейлері арасында үлкен танымалдылыққа ие. Бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына музей артефактілерімен, мәдени-білім беру бағдарламаларымен танысуға және еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылды ­«Балалар жылы» деп жариялауына орай, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің биылғы жылғы «Музей түні – 2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады. Фестивальға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, ­музыка, шығармашылық жағынан халық­аралық, республикалық конкурс­тар лауреаттары мен талантты жас­өспірімдер қатысып отыр. Аталмыш республикалық фестиваль қорытындысы нәтижесінде 13 номинация бойынша жас таланттарға марапатты елімізге белгілі ғылым, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер табыстайды.

Музей түнінің басты оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының» ашылуы. Орталықтың жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай-ақ шығар­машылық бастамалар мен бала­лардың мүмкін­дік­терін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. Яғни балалардың бос уақыттарын (демалыс) тиімді ұйымдастыру, мультипликациялық ­фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ­ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істеу. Коворкинг балалар орталығының басты демеушілері, яғни осы бастамаға қолдау көрсеткен КМF Микроқаржы ұйымы және «Демеу – КМF» корпоративтік қоры. Сонымен бірге балалар орталығы аясында «Жас экскурсовод», «Өлкетану» және «Бірге сурет салайық» бейнелеу өнері үйірмелері ашылады.

Музей түні бағдарламасында: жанданған экспозициялар, ­музей қорындағы сирек кездесетін қару-жарақтар коллекциясы негізін «Ер қаруы – бес қару» көрмесі (VIII-XIX ғғ.), «Біздің таланттыларымыз», «Менің бақытты балалық шағым» атты қалалық бейнелеу өнер студияларының балалар шығармашылығы көрмесі, белгілі фотограф М.Золотухиннің фотокөрмесі және белгілі қазақ­стандық суретші-қалпына кел­тіруші, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетек­шісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қырым Алтынбековтің «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» көрмесі.

Концерттік бағдарлама-қойылымдар: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және Қазақстан-Жапон орталы­ғынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар. Сондай-ақ мерекелік іс-шара қонақтары мемлекеттік оркестр­лер мен ­балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концерттерін ­тамашалай алады.

Музей қонақтары Қазақ ­мем­лекеттік циркінің қойылымы, балалар дефилесі, М.Грибова­ның жетекшілігімен «HighTech Academy» шляпалық дефилесі, ­Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің стилисттік шаш үлгілері көрсе­тілімін тамашалайды.

Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өтеді.

Музей алматылықтар мен қала қонақтарын «Музей түні – 2022» акциясының қызықты және тартымды бағдарламаларымен танысуға шақырады.

Аяулым СҰЛТАНБЕКОВА,

Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы

1027 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы