• Қоғам
  • 19 Мамыр, 2022

Саяси жүйені өзгертуге талпыныс

Президент ағымдағы жылдың 16-наурызында саяси реформаларды жүргізу қажеттілігін жария­лады. 2019 жылдан бастап саяси жүйені өзгертуге байланысты сарапшылармен көптеген ұсыныс талқыланды. Оның көбісі заңға енгізіліп, нақты іске асып жатыр. Бұл ұсыныстар саяси реформаларды жүргізу қажеттілігі туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде де қаралды.

Конституциялық реформа бірнеше бағытты көздейді. Біріншісі, суперпрезиденттік модельден – президенттік республикаға ауысу. Екіншісі, еліміздегі Парламенттің рөлі мен статусын өзгерту. Үшіншісі, халықты, белсенді азаматтарды елді басқаруына қатыстыру және адам құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту.

Бірінші бағытына тоқталсақ, яғни суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға ауысу, бұл жерде Президенттің көптеген құзыретінен мемлекет басшысының өзі бас тартып отыр. Мысалы, саяси партиялардың мүшесі болуы және оны басқару. Егер президент бір партияға мүше болып, оның жетекшісі болса, әрине, өзінің әкімшілік құзыретін, мүмкіндігін пайдаланады, ол өте күшті ресурстарының бірі. Бұл ресурс басқа партияда болмайды, яғни теңсіздікті білдіреді. Елдегі саяси партиялар тең болуы үшін, осындай шешім қабылданды. Бұл – дұрыс шешім. 

Екіншісі, өзгерістермен байланысты. Президенттің енді әкімдердің актілерін өзгертуге немесе жоюға мүмкіндігі болмайды. Облыс әкімдерін мәслихат депутаттарының келісімі арқылы тағайындайды. Президент өңірге басшыны тағайындағанда екі кандидатураны ұсынады, ал мәслихат депутаттары ­дауыс береді, қайсысы көп дауыс жинайды, сол Президенттің жарлығымен өңірдің басшысы болып тағайындалады.

Парламенттің рөлі мен статусы өзгереді. Бұрын  Мәжіліс заңды қарастыратын, бірақ бекітпейтін. Енді Мәжіліс заңды қарастырып әрі бекітетін болады. Сенат депутаттары заңды қарастырады және қолдай ма, қолдамай ма, нақты шешім қабылдайды. Қолдаса заң Президентке беріледі. Ал Президенттің өзінің өзгерістері мен толықтырулары болса, қайтадан Парламентке енгізеді, оны депутаттардың басым көпшілігі, мысалы, төрттен бірі қолдаса, сонда ғана Президент қол қояды.

Жанар ҚАЛИҚАНҚЫЗЫ,

Қазақстан ­Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Электоралдық оқыту орталығының басшысы

416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы