• Мәдениет
  • 26 Мамыр, 2022

Отандық киноға бөлінген қаржы 4,4 млрд теңге

Жылда кино түсіру үрдісі қарқын алып келеді. Халықаралық байқаулардан жүлде алып жатқандары бар. Әйтеуір кино түсіруден кенде емеспіз. Ұлттық киноны дамыту бәрі­міз­дің міндетіміз. Ал қалай  тү­сіріледі, оны көрермен қалай қабыл­дайды. Ол енді үлкен әңгіме.

Ал биыл кино саласына қанша қаржы бөлінеді? Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының дерегіне сенсек, үстіміздегі жылы отандық ­киножобаларды қаржыландыруға шамамен 4,4 млрд теңге бөлініп отыр. Айта кетер бір жайт, кино жобаларға өтінімді қабылдау 18 наурызда бас­талып, 15 ­мамырда аяқталды. Ал талқылаудан қандай жобалар өтті, байқау қорытындысы қашан шығады? Ол ­туралы әлі нақты айтылған жоқ. Әрине, жолданған жобалардың бәрі бірден қабылдана салмайды. Оны, ең алдымен, орталық жанындағы сарапшылық кеңес талдап, таңдап електен өткізеді. Одан кейін конкурстың нәтижесінде іріктеліп алынған жобалар мемлекеттік қолдауға үміткер фильмдердің соңғы тізімімен келісетін ведомствоаралық комиссияға жіберіледі. Осы рәсімдерден кейін ғана барып, Мәдениет және спорт министрінің ұлттық кино өндірісінің тақырыптық жоспарына кіретін киножобалардың тізімі көрсетілген арнайы бұйрығы шығады. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының дерегіне сенсек, соңғы 3 жылда мемлекет ұлттық кинематографияны қолдау үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Ал аталған қаражатқа 48 фильм, оның ішінде 20 көркем, 12 деректі, 3 анимациялық және 13 дебюттік фильм түсірілгенін айта кеткен жөн.

1034 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы