• Руханият
  • 26 Мамыр, 2022

TURKSOY БАСЫЛЫМДАРЫН ТАБЫСТАДЫ

Н.Дәулетова атындағы залда «TURKSOY» басылымдарын Ұлттық кітапханаға табыстау рәсімі өтті.  Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – «TURKSOY»-дың бас хатшысы, қырғыз жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Сұлтан Раев Ұлттық кітапхана жұмысымен танысты.

Іс-шараны Ұлттық кітап­хананың директоры ­Бақыт­жамал Қайырбекқызы ашып, Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Болат Жүнісбекұлы жүргізді.

Кездесуде белгілі ақын, профессор, ҚР Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып сөз алып, «TURKSOY»-дың қызметі туралы жан-жақты айтып өтті. Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – «TURKSOY»-дың бас хатшысы, қырғыз жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Әкімұлы түркі мәдениеті мен әдебиеті турасында тағылымды ой қозғады.

Іс-шара барысында ­жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай; жазушы, профессор, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев; жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ­Ахметжан Әшири; жазушы, профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Нұрдәулет Ақыш; ­жазушы, журналист Қайым-Мұнар Табеев; әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақ; қоғам қайраткері Асылы Осман; ақын, «Серпер» ­жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер және т.б. сөз сөйлеп, қазақ және түркі мемлекеттері қарым-қатынасының нығаюы туралы пікір-пайымын білдірді. Іс-шара соңында «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қорытынды сөз сөйлеп, Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Қайырбекқызына ұйымның Алғыс хатын табыстады. Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Сүлеймен Бақырғанидың «Хикмат Хазірет Сұлтан Әл-Ғарифин» атты кітабын «TURKSOY» ұйымына сыйлады.

Ұлттық кітапхананың қорына Халықаралық «TURKSOY» ұйымы шығарған, түркі тілдерінде жарық көрген, біртуар тұлғалар туралы жүзден аса кітапты ұйым атынан сыйға тартты.

Жанар АЛПЫСБАЙҚЫЗЫ,

Ұлттық кітапхананың

Көрмелер және мәдени бағдарламалар

қызметінің жетекшісі

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы