• Мәдениет
  • 02 Маусым, 2022

«ҰЛТТЫҢ ЖОҒЫН ОЯУ ЖҮРІП ІЗДЕУ КЕРЕК»

«Алаштың тағы бір асыл азаматы Смағұл Сәдуақасұлының сөзі де осыған саяды. «Ұлттың жоғын ояу жүріп іздеу керек» дейді ол. Яғни бәріміз еліміздің мұң-мұқтажын ояу жүріп бірге іздейік. «Оян» бағдарламасының да мақсұт, мұраты да сол. Мәртебелі көрерменді ақ таңда асыл арманмен ояту!»...

 «Хабар» агенттігі АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли арнада жаңа бағдарлама ашылғанын осы сөзді мысал келтіре отырып мәлімдеді. Яғни «Хабар» арнасында 1 маусымнан бастап әр таң сайын керемет көңіл-күй, қызықты ақпарат, әуезді ән сыйлауға асығатын «Оян!» бағдарламасы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін көрерменіне қуаныш сыйлайтын болады.  Бағдарламаны Жұлдыз Әбдікаримова, Алмас Тоғай, Арай Құсаинова, Ердана Ержанұлы жүргізеді.

«Оян мотиві кезінде Алаштың аяулысы Міржақып Дулатұлының қаламынан туып, күллі түркі әлемінің ортақ ұранына айналғаны баршаға мәлім. Ояну қазақтың білімге, өнерге, технологияға ұмтылысының бастауы болды. Осы ұранмен Алаш арыстары күллі байтақ даланы дүбірлетті. Дүркіретті, оятты. Бұл сөз қазір де, ертең де мәнісін жоғалтпайтын асыл мұрат болуы керек. Біз таңмен қатар оянып уақыттың көші мен сынын ояу отырып қарсы алсақ қана ұлттығымыз бен елдігіміз баянды болады. Міржақып атамыздың «Оян, қазағын» баршаңыз жаттап өстіңіз. Оны бесіктегі баладан, бел үстіндегі қартқа дейін біледі деп айтсам артық айтқандық емес.Олай болса, күнде таңертең «Хабар» арнасымен бірге оянайық!», – дейді Басқарма төрағасы Берік Уәли.

Ұлтты оятуға асық бағдарламаға біз де сәттілік тілейміз.

Қарагөз СЕРІКҚЫЗЫ

1021 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы