- Мәдениет
- 23 Маусым, 2022
Азамат Қанапия, актер: ГОЛЛИВУД, ДИСНЕЙ СЕКІЛДІ КОМПАНИЯЛАРҒА ӨЗІМІЗ ТІКЕЛЕЙ ШЫҒАЙЫҚ

Қазақ дубляжы ол кенже қалған сала емес. Кеңес үкіметі кезінде де қазақтың дубляжы өте жоғары деңгейде болды. Алтынбек Кенжеков, Мұхтар Бақтыгереев, Фарида Шәріпова жұмыс істеген кезде ешкім тіс батыра алмайтын. Қазір де осал емеспіз. «Көліктер» туындысындағы Мэтрге дубляж жасадым. 32 мемлекеттен ең жақсы дубляж деп менің дауысым алынды.
Ресейге салынған санкцияны пайдаланып, Голливуд, Дисней, Paramount Pictures секілді ірі компанияларға өзіміз тікелей шығайық, Дистрибьюторлық орталық ашайық, келісімшарт жасайық, дедім. Бірақ барлық ұсыныс, ой-пікір сол үстел басында қалды. Сол баяғы орыстарға телміру. Ресейліктер келіп жатыр. Ертең олар біздің атымыздан барса, танымай, білмей қалмайды. Онда Қазақстанға санкция салайық демей ме? Біздің қазақтың балалары еріксізден- еріксіз орысша сөйлеп кетіп жатқаны, әлеуметтік желідегі дүниенің барлығы орысша болғанынан.

969 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *