• Тарих
  • 23 Маусым, 2022

ХХI ғасырдағы өркениеттен тыс халықтар

Поляктың жиһанкез ­фотографы Адам Козел Африка мен Азияның, Оңтүстік Американың небір қиырларын шарлап, ХХI ғасырда жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін тайпаларды түгендеп, суретке түсіріп шыққан. Олар бүгінгі адамзаттық өркениеттен тыс, өздерімен өздері, сондықтан да жойылып кету қаупі өте жоғары.

Солардың бірі Намибиядағы Химба тайпасы жайлы дерекке назар аударалық. Олардың саны 20 мың қаралы адам. Мал шаруашылығымен айналысады. Жерлерінде жуынуға су жоқ деуге болады. Бірақ денелеріне түрлі дәрілік хош иісті шөптерден жасалған майларды жағады. Ол май иіс-қоңыстан ғана емес, күннен, улы жәндіктердің ша­ғуынан қорғайды, тіпті гигиенаны сақтауға да көмектеседі. Басты бір ерекшелігі – қыздары шетінен бойы ұзын, дене бітімінде мін жоқ, қазіргі әлемдік супермодельдерге ұқсайды. Жалпы халқында тері ауруынан зардап шеккен адамды кезіктіре алмайсыз.

Мұндай құпиясы көп, бізге мүлде үйреншікті емес, тайпалық тәсілмен күнелт­кен Малайзиядағы Ибан, Эфиопиядағы Хамер және Каро, Филиппиндегі Калинга, Анголадағы Мукавана, Бирмадағы Чин, Үндістандағы Коньяк халықтарымен бүгін біз бір әлемде өмір сүріп жатырмыз. Таңғаларлығы – жоғары технологиялық дәуірде олардың сонау тайпалық тірліктен, түсініктен тапжылмауы, құрып бара жатса да тек өздерінше өмір сүретіні.

2161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы