- Руханият
- 23 Маусым, 2022
АТАТЕККЕ ҚҰРМЕТ

Филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Тебегеновтің «КЕТЕ-БАЙСАРЫ: ататек тарихы және ұрпақтар жалғастығы» атты екінші кітабы жарыққа шықты.
Автор кітапта жазылған тарихнамалық-дерекнамалық тың деректер мен бұған дейін назарға алынбаған өзекті мәселелерді қазіргі және болашақ ұрпақтың назарына ұсынады. Жазушы қазақ халқының рулық-ұлыстық жүйесіне тарихи-танымдық зерттеулер жасаған. Тарихшы, әдебиетші, этнолог-этнограф ғалымдардың (Геродот, Страбон, Гордлевский, Н.Аристов, Джон Кемпбелл, М.Тынышбаев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Дүйсенов, М.Мағауин, Ә.Сарай, Т.Әбенайұлы, С.Өтениязов, Ә.Балқыбек т.б.) дерекнамалық еңбектері арқылы қазақ ру-ұлыстарының антикалық дәуірлердегі және кейінгі ғасырлардағы тарихына байланысты тың мәліметтерді де анықтаған.
Кітапта отандық және шетелдік тарих, этнография, әдебиеттану, мәдениеттану ғылымдарының дерекнамалық-тарихнамалық тұжырымдары негізге алына отырып, Кете-Байсары баба және одан тараған ататек-әулет ұрпақтары жүйеленген.
Қазақ елінің негізгі иесі қазақ халқының ата-бабалары мен кейінгі буын ұрпақтары жалғастығын жүйелеген тарихи-танымдық бұл кітап қазақ елінің жаңа буын ұрпақтарына арналған.
Алтынарай Тебегенова,
филология ғылымының
кандидаты (PhD),
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Зерттеу университеті
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі

374 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *