• Ақпарат
  • 30 Маусым, 2022

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙ

Әлеуметтік мәселелері шешілген елдердің азаматтары жалпы адамзаттық түйіндерге маңыз береді. Сол жолда күресуді мақсат-мұрат тұтады. Мысалға швейцариялық ағайынды суретшілер Фрэнк пен Патрик Риклиндердің әрекеті де соны көрсетеді. Олар The Zero Star Apт-инсталляциясы Сайон муниципалитетіндегі жанармай бекеті қасына, ашық аспан астындағы қонақүй жасаған. Ол қонақүйде туристер 275 фунт стерлингке (175 мың теңгеге) түнеуге болады.

Бұл әдеттен тыс қонақүйдің, үй дейтіндей төбесі, қабырғасы жоқ. Ағаш қондырғы үстіне төсек, орындық, шырақ тағы басқа бөлмеге қажетті заттар түгел қойылған.

Әрине, мұндай ұсыныстың философиясы ойланған адамға түсінікті. Экология бұзылса, соғыс өрті лауласа, әлеуметтік теңсіздіктер күшейсе адамбаласы күндердің күнінде панасыз қалуы мүмкін. Ол қабырғасыз, төбесіз үйде, яғни айдалада қалғанмен бірдей. Ашық аспан астында дауыл соғады, қар, жаңбыр жауады немесе шыжыған ыстық, әлде сақылдаған сары аяз. Сонда не істер едің? Сон­дықтан тұмса табиғаттың, бейбіт күннің, өзіңнен басқа адамдардың да қадірін білу, бағалау қажет дегенді тұспалдайды.

Д.БЕЛДЕУБАЙ

4777 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы