• Тарих
  • 30 Маусым, 2022

ЗҰЛМАТ ПЕН НӘУБЕТ ЖАЙЛЫ ЖИНАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғаны жан сауғалап, босып кетуге мәжбүр еткен ­алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі 1922–1923 жыл­дардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірі­нен қырылып қалмағанда, хал­қымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді», – деп атап көрсеткені белгілі.  Мұны неге айтып отырмыз?

Мемлекет басшысының осы тарихи тұжырымдарының аясында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы 1921–1922 жылдардағы ашаршылық жөніндегі құжаттар мен материалдар жинағын даярлау жұмысын бастағаны белгілі.

Осыған орай Орталық мемле­кеттік архивінде «Қазақстандағы ашаршылық. Голод в Казахстане» 1921–1923 г. Сборник ­документов и материалов» атты жинақтың ­таныстырылу рәсімі өтті. Аталған құжаттар мен материалдар жинағы тікелей осы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге және ХХ ағасырда Қазақстан халқы басынан өткерген қайғылы оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтауға бағытталған. Орталық мемлекеттік архивтің қорларында сақтаулы тұрған құжаттардың негізінде жарық көрген бұл жинақ еліміздің шынайы тарихына, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қосылған сүбелі үлес екені айқын.

Жинақтың тұсаукесерінде ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, С.Шілдебаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, академик М.Қойгелдиев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және ­этнология институтының бас ғылыми қызметкері Қ.Алдажұманов, ­Алматы энергетика және ­байланыс институты оқытушысы Ж.Қабдөшов, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті професссоры Ж.Байділдеев, жинақты құрастырушы З.Төленова және меценат Ғ.Смаханұлы сөз сөйледі.

Екі томдық жинақтың әрқайсы­сының 1000 таралыммен жарық көруіне демеушілік жасаған дәрігер-ғалым, меценат Ғани Смаханұлы екенін айта кеткеніміз жөн.

Б.БЕЙСЕН

2939 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы