• Білім және ғылым
  • 07 Шілде, 2022

Білімді жастар білікті болар

Алматыдағы «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшановтың өткен оқу жылына байланысты есеп беру жиналысына қатысудың реті келді. Сырттай университет аталғанмен, бір ғана оқу орны емес, біршама білім беру мекемелерінің басын қосқан бүтіндей корпорация делінеді екен. Корпорация құрамында: «Тұран» мектеп-лицейі, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы екі колледж, Нұр-Сұлтандағы «Тұран-Астана» университеті мен Алматыдағы университет және Алматы облысындағы «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешені  бар.

Әрине осындай кең қанат жайған білім беру орны бакалавр, магистр, PhD докторанттарды дайындайды. Диссертациялық кеңес те тұрақты жұмыс істеуде. Университетте экономика, гуманитарлық-заң, цифрлы технология және искусства, дайындық факультеттері және бизнес жоғары мектебі маман дайындауда. Әлемді жайлаған індет кезінде де «Тұран» университетін таңдаған мектеп бітірушілердің саны бұрынғы жылдардан азаймапты. Әрине отыз жылдан бері Қазақстан білім беру саласында ойып тұрып орын алған оқу орнын бітіргендер, бүгінде еліміздің ғана емес, әлемнің әр қиырында қызмет істеп жүрген көрінеді. 

Университетте 500 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы корпорацияда білім беру заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған. Оның бір дәлелі ретінде университеттің Қазақстан ­Республикасы Президентінің 2020 жылғы ­«Алтын сапа» байқауының жеңімпазы болғанын атап айтқан жөн. Сондай-ақ оқытушылар құрамы да қазіргі талапқа сай жасақталған. Табыстары да жоқ емес. Мысалға «Психология» кафедрасының профессоры Анаргүл Қасымжанова «2021 жылғы Жоғары оқу орындарының Үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы атаныпты.

Елімізде жоғары оқу орындары аз емес. Халықтың санымен бағамдағанда тым көптігі жиі айтылады. Тікелей  министрліктің араласуымен талапқа сай емес біршама оқу орындары жабылғаны да белгілі. 2021 жылы жоғары оқу орындарының деңгейі сыналған Ұлттық рейтингіге 85 университет қатысса, «Тұран» алтыншы орын иеленуі жақсы көрсеткіш екені анық.

Халықаралық QS Quacguarelli Symonds агенттігі жыл сайынғы Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдерінің үздік универси­теттерінің тізімін жариялайды. Тізімге биыл 450 университет енгізілген. Қазақстаннан аталған 34 университеттің бірі, әрине, «Тұран». Сол секілді университет ұжымы көптеген халықаралық ұйымдардың аккредитациясынан өтіп, рейтингілік агенттіктердің оң бағасын алғанын ректор мақтанышпен атап өтті. Бұл жетістіктердің барлығы университет ұжымының Жаңа Қазақстанды құруға қосар үлесі мен жаңашыл бағыттағы ізденістерін көрсетсе керек.

3153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы