• Тұлға
  • 14 Шілде, 2022

«ШАХАНОВ ШЕРУІ» БАСТАЛДЫ

Алматы қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Халық жазушысы, Қазақстан Еңбек Ері, «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері, Түркі әлемі Зиялылар одағының төрағасы Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай «Шындық сүйген шайыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.  

Іс-шараға Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасының ­Алматы қаласындағы Бас консулы Әли Рыза Акынжы, ­Әзер­байжан Республикасының Алматы қаласындағы ­Консулы Анар Надироғлу ­Хусейнзаде, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Гулзат Абдурасулова, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахет, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі, «Жалын» журналының редакторы Құдияр Біләл, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ­филология ғылымының докторы Сәуле ­Ержанова, филология ғылымының кандидаты, доцент ­Салтанат ­Айбергенова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ­Мереке Құлкенов, белгілі ақын Қасымхан Бегман т.б. қатысып, ұлт қайраткерінің әдебиет пен қоғам өмірінде алатын орны жайлы сыр шертті. 
Конференция барысында қайраткер тұлғаның әдебиетіміз бен қоғамға сіңірген еңбегі туралы ғылыми баяндамалар жасалды. Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Ұлықбек Есдәулет Халық ақыны жайлы «Бұл кісінің шығармалары қазақтың атын бүкіл әлемге жайды. Көптеген тілге аударылған шығармалары арқылы өзінің атын ғана шығарып қойған жоқ, ұлтының, халқының да жақсы атын шығарып келе жатқан адам» деді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі Мұхтар Шахановтың композиторлық қыры туралы ­баяндама жасады. Сондай-ақ жиын барысында Халық жазушысына құрмет көрсетіліп, мерейтойына орай сыйлықтар табысталды. 
Сондай-ақ Қазақстанның Еңбек ері, ақын  Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы Отырар ауданында басталды. Отырарлықтар ақынға ақбоз ат мінгізіп, мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесуін ұйымдастырып, керемет кеш өтіп жатыр.
Мәжіліс төрағасы, Қызылорда облысы әкімі тағы басқа аймақтан келген жедел құттықтаулар ­барысында сөз алған Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайәрат Балабиев Рахымұлы жылы лебізін айтты және облыс әкімінің сәлемдемесін жеткізіп, ақынның ­мерейтойын күзге салым кең көлемде қасиетті Түркістан төрінде арнайы тойланатын жеткізді.

Н.БАТЫР

1233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы