• Тұлға
  • 28 Шілде, 2022

Университетке Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді

Бұрын Жетісай қаласында орналасқан білім ордасы жаңа оқу жылынан бастап Шымкент қаласына көшірілетін болды.

Ескерте кетейік, Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті 1998 жылы ашылған. Қазір университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандықты оқытады. Оқу орнында 850 орынға арналған 4 студенттік жатақхана бар. Осы «Сырдария» университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді.
Ескерте кетейік, Жұмабек Тәшенов 1939 – 1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948 – 1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж.Тәшеновті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін 45 жастағы Тәшенов 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды.
Бұл қызметтен 1961 жылы қаңтар ­айында босатылған соң, бес ай жұмыссыз отырғаннан кейін ол Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне қитұрқы саясаттың кесірінен  төмендетілді. Ол 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке жіберілді. Ел алдындағы еңбегі үшін ол Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды. Ұлтжанды азамат 1986 жылы 18 қараша күні 71 жасында дүниеден өтті.

1039 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы