• Әдебиет
  • 11 Тамыз, 2022

«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ»

Жас автор Олжас Бекмұраттың  бұл алғашқы кітабына басынан өткен  ойлар мен оқиғалар арқау болған. Кітап оқиғалары жастар тақырыбына жазылған авторларды қайталамайды. Тақырыбы да, көтерген мәселесі де бөлек. Жастардың басында кездесетін заманауи жайттарды қозғайды.

«Бұл кітапты жазу себебім, маған ұйқы бермейтін, басыма сыймай кететін ойлар өзімнен басқа жандарға қызық па, жоқ әлде бос әурешілік пе? Соны білсем деймін» деп жазады автор оқырманға арнаған сөзінде.

Бір әңгімесінен үзінді келтірейін.

Қаладағы жұмысына асығып бара жатқан келіншек тез жету үшін жеңіл көліктерге қол көтереді. Олар да асығыс болу керек, тоқтамайды. Бір машина өзі тоқтайды. Жүргізушісі шал екен. Бірақ  аккумуляторы отырып қалған ескі көлік. Мінбейін десе жұмысына кешігіп, бастығы қайта-қайта телефондап жатыр, амал жоқ келісіп мінеді. Машинаны бір де шал, бірде қыз итеріп әбден титықтап шаршайды. Сөйтіп жүріп шал қызға өзінің немересіне тұрмысқа шығуды қолқалайды...

Көлік итеруден қалжыраған бикеш сәл де болса демін алып, жаңалық естімекші болып машина ішіндегі радионы қосады. Ол  сөйлеп қоя береді. Қарттар үйінен Рахман деген қарт кісінің қашып кеткені жайлы ақпарат беріліп жатыр екен. «Ол кісі өткен өмірімен өмір сүреді. Баяғыда болған нәрсені ғана біледі. Ал қазір болып жатқан нәрсені бес минутқа жетпей ұмытып қалады...». Мұны естіген келіншек бұл қарияның бір кезде аяқасты жоғалған атасы екенін тез аңғарады... Енесі  атасын қайтыс боған деп естірткен еді...    

Қысқаша айтқанда, осылайша ата мен келін табысады. Әңгіме диалогқа құрылған, барынша шынайы берілген. Жас автор үшін бұл үлкен жетістік...

Кітап жас автордың замандастары мен қатар құрбыларына, жалпы кітап сүйер қауымға арналған...

 Сәрсен ҚАРМЫС

1760 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы