• Руханият
  • 11 Тамыз, 2022

Тарихи тұлғалар есімі берілді

Ақмола облысындағы 32 білім мекемесі мен 1 спорт мектебіне қазақтың тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқылауға шығарылды.

Қаулыға сәйкес, Көкшетау қаласының мектептеріне келесі тұлғалардың есімі беріледі:
– Қалалалық №4 орта мектебіне – Қаныш Сәтбаевтың;
– Қалалалық №6 мектеп-лицейіне – Дінмұхамед Қонаевтың;
– Қалалалық №12 орта мектебіне – Жұмағали Саинның;
– Қалалалық №17 мектеп-гимназиясына – Қожа Ахмет Ясауидің;
– Қалалалық №19 орта мектебіне – Абылай ханның;
– Қалалалық №21 мектеп-лицейіне – Евней Бөкетовтің.
Аршалы ауылы бойынша:
– Ауылдық №1 орта мектебіне – Шоқан Уәлихановтың;
– Ауылдық №2 орта мектебіне – Әл-Фарабидің.
Астрахан ауылы бойынша:
– Ауылдық №1 орта мектебіне – Асқар Сүлейменовтің;
– Ауылдық №2 орта мектебіне – Қаныш Сәтбаевтың.

Ал Петровка мен Подгорное ауылдарындағы жалпы орта білім беретін мектептерге – Қайрат Рысқұлбековтың, Новочеркасское ауылының мектебіне – Ғабиден Мұстафиннің, Жаңатұрмыс ауылының мектебіне – Рақымжан Қошқарбаевтың, Первомайка мектебіне – Шәкен Ниязбековтың, Атбасар қаласының №8 мектебіне – Ілияс Есенберлиннің, Степняк қаласы мен Жақсы ауылының № 1 мектептеріне – Ахмет Байтұрсынұлының, Макинка ауылының және Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейіне – Бауыржан Момышұлының, Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясына – Кенесары ханның, Егіндікөл ауылының №1, Жақсы ауылының №2 мектебіне – Сәкен Сейфуллиннің, Беловодское ауылының мектебіне – Смағұл Сәдуақасұлының, Отрадный ауылының негізгі орта мектебіне – Ыбырай Алтынсариннің, Зеренді ауылының №1 мектебіне – Бәйкен Әшімовтің, Еленов ауылының мектебіне – Жұмабек Тәшеневтің, Балкашин ауылының №1 мектебіне – Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Сонымен қатар енді мамандандырылған Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Анатолий Храпатыйдың есімімен аталады.
 

734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы