• Мәдениет
  • 11 Тамыз, 2022

ТАСҚАЛАДА АЛАМАН

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақ қолы жеткен киелі кезең. Ұлттық ойындар  –  ұлтымыздың құнды мұрасы. Тәуелсіздік алғалы бері ұмыт қалған дәстүрлі ұлттық спорт түрлері жаңғыру үстінде. Даланың төсін дүбірлеткен жауынгер халықтың бүгінгі ұрпағы да даланы аңсап тұрады. Ұлылығымыздың белгісіне айналған, халқымыздың мықтылығы мен тектілігін, мәдениеті мен мінез-құлқын танытатын ұлттық спорт ойындары кімнің болсын қанын ойнатып, өзінің ұлттық болмысымен қайта қауыштыратыны сөзсіз. 

Бүгін «Балалар жылы» аясында және спорт күніне орай аудандық бәйге федерациясының ұйымдастыруымен, Тасқала ауданы әкімдігінің және ауданның жанашыр азаматтарының қолдауымен Ұлттық ат спорты түрлерінен Республикалық ашық біріншілік оздырылды. Біріншіліктің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау және өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің, ұлттық тәрбиенің маңыздылығын атап өтіп дала қызықтарын өткізуге бастау берді. Біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен топ-топ болып, қаумалап шабандоздар жиналды. Тай жарысы, құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйгеден жүлделер сарапқа салынды. Ешкітаудың қырлары шабандоздарды біраз сынап, мықтылардың мықтысы, нағыз жүйрік сәйгүліктер жеңіс мәресіне жетті. Қазақ күресі, қой көтеру және жаппай көкпардан да тартысты бәсекелер тасқалалықтардың көңілінен шықты. Тасқаланың даласында әсем әндер шырқалды. Киіз үйлер тігіліп, аудан кәсіпкерлері жәрмеңке ұйымдастырды. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан Ешкітау етегіндегі еңселі ел ұйымдастырған шара аудан тұрғындары мен қонақтарының жоғары бағасына ие болды.

Суретті түсірген

Рафхат ХАЛЕЛОВ

1382 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы