• Тұлға
  • 18 Тамыз, 2022

Бекжан Тұрыс, актер: Өсекті кесек, жаланы жабу қылғандар көбейді

Адамның мінез-құлқы қалай өзгереді, а?! Ат пен таққа мінсе, мінезі өзгеріп шыға келетін, түске дейін көзіңе мақтап, түс ауа сыртыңнан сыпыра даттайтын, өсекті кесек қылып, жаланы жабу ғып жүргендер де көбейді.Табаны жерден екі елі көтерілген базбіреулер сәлем берген қолыңды саусағының ұшымен, еріндері әрең жыбырлап, қинала алса, емшек сүті – ернінен, бесік табы – белінен кетпеген енді біреулер саған ақыл айтады. «Әркімге ұнасам» деген жарамсақ тілекпен бұлғақтап келіп жымыңдап сөйлеп, жалған айтып, жасырынбақ ойнап, бас иіп жүріп, шалқайып шыға келетін қулар мен сұмдарды қоспай-ақ қояйын. Бұл сонда пендеге тән әлсіздік пе, әлде адам ­бойына біткен қасиет пе?! Әйтеуір жұмулы алақандай жұмбағы көп дүние...
Тозбас өмір, таймас бақ жоқ! Осы күні тақта отырған, ат үстінде жүрген жігіттер тақтан тайып, аттан түспеймін деп жүр-ау?!
Бір кем дүние...
 

929 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы