• Тұлға
  • 25 Тамыз, 2022

Төлен ӘБДІК, жазушы: ЖАҒЫМПАЗДЫҢ ҮШ ТҮРІ БАР

– Менің «Ұры мен ұлы» деген пьесам Алматыда М.Әуезов драма театрында  4-5 жылдан бері қойылып келеді. Сонда жағымпаздар туралы басты кейіпкер профессордың аузымен берілетін баға бар. Жағымпаздық қазір мінезден гөрі мал табатын қызметке көбірек келеді.Өмір сүрудің нормасына айналды. Жағымпаздың үш түрі бар, – дейді әлгі профессор. 
– Біріншісі – таза қанды жағымпаз­дар. Олардың одан басқа қабілеті де жоқ. Сондықтан олар өздерін мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген адамдай сезінеді. 
Екіншісі – амалсыз жүрген жағым­паздар. Олар мұның жақсы нәрсе емес екенін біледі. Іштей ұнатпайды.Қолынан келсе, екі жаққа да жақсы көрінгісі келеді. Өздерін заманның құрбанымыз деп түсінеді. Өз істерін жасыруға тырысады. Бірақ одан олардың күнәсі жеңілдемейді.
Үшіншісі – бұлар да бәрін біледі, бірақ жағымпаздықты қысылмастан ашық жасай береді.

1011 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы