• Білім және ғылым
  • 25 Тамыз, 2022

Түркістанда «қызыл кітапқа» енген кесіртке бар

Түркістан облысының тұрғындары қызыл кітапқа енген алып кесірткені видеоға түсіріп алды.
«Сұр кесел» атты Қазақстандағы ең ірі кесіртке ауыл ішіне кіріп кеткен. Оны видеоға түсірушілер ауыл маңында мұнан да үлкені бар екенін айтады.
«Бұл кішкентайы. Ар жақта мұнан да үлкендері бар» дейді бейнекамера ұстаған жігіт.
Ал Түркістан облысы Сырдария – Түркістан МӨТП кіші ғылыми қызметкері Ғани Назарбек бұл кесірткенің Шардара мен Отырар ­ауданында көп кездесетінін жеткізді.
«Бұл кесірткелер Түркістан облысындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерді қоныстайды. «Сұр кесел» жылан, сарышұнақ секілді жәндіктермен қоректенеді. Суда да жақсы жүзеді. Құрлықта жақсы жүгіреді. Бір өкініштісі, кей елді мекендерде мұндай кесірткелерді таспен атқылап өлтіріп тастаған, көлікпен басып кеткен жағдай көп. Біз бұл қызыл кітапқа енген кесірткені туристік мақсатта да пайдалансақ болады. Себебі арнайы зерттеу үшін келетін шетелдік ғалымдар көп. Олардың бұл кесірткеге қызығушылығы жоғары. Ал мұнан үлкендері тек Тайланд жақта ғана кездеседі», – дейді зерттеуші  Ғани ­Назарбек.
 

2465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы