• Тіл
  • 01 Қыркүйек, 2022

ЖЕР АРТЫНДА ТІЛ ТҰР!

Қазіргі баспасөз бетінде, әлеуметтік желіде кейде ғибратты, өнегелі тақырыптар жиі көтеріліп жатады. Жақсы сөз білгенге маржан сияқты, өткенде бір басылымда: «Екі көрші ортақ жер үшін араздасып өзара «Менікі!, Менікі!» деп таласып жатқандағы әңгіменің түйіні: сонда жерден «Екеуің де менікісіңдер!» деген дауыс шығуымен аяқталады екен.

  Осы қысқа ғана ой салар әңгіменің негізгі қағидасы: «Жер» демекші, осыдан бір ғасыр бұрын Алаш арыстары елі мен жері үшін шырылдап, сол заманғы жаңа құрылып жатқан кеңестік үкіметке өзіндік дербес ел екенімізді ұғындырып ескертуінің өзі өткен тарихымыздан қалған құндылықтың бірі деп санаймын.

Ал, енді осы ел мен жер жайлы ойымды бүгінгі күнімізбен салыстыра айта кетсем. Ел билігі саяси реформаларды жүзеге асыру үшін Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізді,  бүкілхалықтық референдум да болып өтті. Орын алып отырған осы саяси реформалардың басы ретінде алдымен елдегі билік партиясының атауы өзгертілді. Ел Президентінен бастап, енді барлық әкімдер партия төрағалығынан босап, жалпы сайлауға қатысты бұдан былай халық қалаулысы атанып отырған кез келген депутат халыққа берген уәделерін орындамаған жағдайда оларды мерзімінен бұрын кері шақыртылып алынатын заң өз күшіне еніп отыр.

Осы ретте ашығын айтсақ, Тәуелсіздіктің 30 жылында қоғамды жемқорлық деген індет жайлады. ­Сыбайлас жемқорлықтың салдарынан бүкіл елдің бар байлығының жартысы 162 адамның уысында кетті. Өкініштісі, сол дүниенің бәрін «адам болам» дегендер емес, «құдай болам» дегендер бүлдірді. Әсілі әділетсіздік пен заңсыздық есіктен сығаласа, бұл қоғамға жақсы емес. Өйткені еліміздегі қаржылық олигархиялық шағын ғана топ шалқып өмір сүруін қоймай, мемлекеттің ішкі кадрлық ісіне араласып, халықты жеке меншігі сияқты көре бастады. Халық алдауға шыдайтын шығар, бірақ қорлыққа шыдамас! Осындайда ойшыл шығыс данышпаны Конфуций: «Қоғамда кетік пайда болса, ол жабылмағанша ілгері жылжу болмайды, көпшілік қарағайға  қарсы біткен бұтақты көре тұра, дер кезінде шауып тастамаса, кейіннен одан опық жейді» деп кесіп айтқан екен.

Енді біз «еститін мемлекет» «әділетті жаңарған Қазақстанды бірге құрамыз» деген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан көп үміт күтеміз. Мемлекет басшысы ретінде ол өз сөзінде: «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Десе де, бұл бастама ғана, саяси реформа әлі де жалғаса береді» деп атап көрсетті.

Осы күзде жаңарған Қазақстан құруда айтылған сыннан қорытынды шығаруға тиіспіз. Мемлекет басшы­сының халыққа арнаған Жолдауы келешегімізді айқындар. Өзгерістер Үкіметтен бастау алып, Парламент қабырғасында отырғандарды да айналып  өтпесі анық. Шамасы, аз шыдауға тура келетіндей. Ел ішінде осылай шындықты бүкпесіз ашық айтарымыз барда: наным, сенім, үміт үзілмесін делік. Болашағың бұлыңғыр десе де,  ертеңгі күндерімізге көптеген жоспар құрып жатқанымыз – батылдық деп білемін.

Шын мәнінде, Отанға деген ­шынайы махаббат үлгісін көрсетіп кеткен өткенімізден өнеге аларлық Екінші дүниежүзілік  соғыстағы асқан ерлігі ескерілмесе де, «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген Бауыржан Момышұлы мен Кеңес Одағы кезінде қазақ жерін тың жерлерді игеруді сылтау­ратып, «Одаққа» бөліп беріп тастамақ болған ойларына қайсарлықпен қарсы тұрып тайталасқан Жұмабек Ташеновтей есіл еріміздің есімі бүгінгі ұрпақ жадында мәңгілікке қала бермек!. Қазақта осындай азаматтар әлі де туылар. Тіліміз тұғырға қонсын, жеріміз аман, еліміз тыныш болсын дейік.

Айтар сөзімнің соңын «Сабыр түбі сары алтын!» деген қазағымның «сәті түсер күндері көп болсын!» деген ниетпен аяқтағым келеді.

Сұлтанғазы ҚОҚАБИ,

Жамбыл мектебінің

футбол үйірмесінің оқытушы –жаттықтырушысы

ЖАРКЕНТ

1687 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы