• Тұлға
  • 01 Қыркүйек, 2022

ДАРА ДИМЕКЕҢ

Кеңес өкіметі кезінде елдің экономикалық өрлеуі үшін су электр стансасын салу орны қазіргі Қапшағай қаласы маңынан белгіленеді. Ол үшін алдымен ұсыныстар, зерттеу жұмыстары мен дәлелдеулер жүргізілді. Жерасты суын зерттеу жұмыстары қолға алынды. 
«ХХ ғасыр тарихи деректерде осы өңірлерде  археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ақпарттардан сол қарекеттің жалғасы тек 30 жылдардың соңына қарай су ағынының қуат өндіру туралы ­идеясы дүниеге келді. Көп ұзамай КСРО ғалымдарының назарын 28 жастағы жас  қазақ аспиранты Шапық Шөкиннің ұсынған гидроқұрылыс бағдарламасы елең еткізді. 1940 жылы жас ғалым Қапшағайда ГЭС салу бойынша зерттеу жұмысын қорғады. Шапық Шөкинді сол кездегі Қазақ КСР-ның басшылары Жұмабай Шаяхмет пен Нұртас Оңдасыновтар қолдайды», – деп жазылған «Қазыналы Қапшағай» атты кітабында.  

Алдымен болашақ қаланың Іле өзенінің бойында болу керектігі, онда қуаты мол электр жүйесін салу ойластырылады. Қазақ­станның бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев: «Қапшағай қаласының географиялық орнын анықтай отырып, болашақта қала бірнеше кешендермен сабақтас болғаны дұрыс болар» деп  өз ойын айтты. Сөйтіп, Қапшағай қаласы өмірге келді.

Қаланы Алматыға жақын орналастыру, оның эканомикасына, елдімекендердің халықпен көбеюіне байланысты маңызы зор болды. Міне осы уақыттан бастап Қапшағай кешенінің құрылысы Қазақстан Республикасының Орталық партия мен Министрлер кеңесінің тікелей бақылауында болды. Артынша, Қапшағай қаласын салу туралы шешім шығарылып, облыстың бірінші хатшысы Асанбай Асқаров 1958 жылы Одақтас Қазақ КСР-нің №1124 қаулысымен бекітілген Қапшағай ГЭС-сін жұмысын 1965 жыл қолға алды. Сөйтіп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1970 жылғы 9 шілдедегі жарлығымен Қазақстан картасында Қапшағай атты қала пайда болды. Қапшағай қаласын салу идеясын қолдаған және оның кемелді болашағынан зор үміт күткен ақыл-парасатын арнаған аға буынның алдында ел ағасы  Дінмұхамед  Қонаев болғанын алты Алашқа мақтана айта аламыз! Қала алғашқы жиырма жылда электр  қуатын өндіру, балық шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, форфор өндіру салалары бойынша мемлекеттік тапсырыс­тарды абыройлы атқарып келді. Қапшағай қаласында  еліміздің экономималық-әлеуметтік мәселері кезең-кезеңімен шешіліп отырды. Ел үміті ақталып, қалаға сол кездің өзінде-ақ, КСРО-ның түкпір-түкпірінен он бір мыңдай адам қоныстанды. Қонаев  Қапшағайға келген сайын халықтың әлеуметтік тұрмысымен жіті танысып, халықпен және жұмысшылармен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Жалпы Қапшағай ғана емес, ұлан-байтақ даламызда Д.А.Қонаевтың басқарған уақытында 43 қала пайда болды.

Бүгінгі таңда, Қапшағай қаласы өндіріс пен өнеркәсіп орталығы ғана емес, ­батыс пен шығысты байланыстыратын кешенді логистикалық сауда орталығы. Халықаралық маңызы бар автожол мен темір жолдың торабы. Сондай-ақ Қапшағай су қоймасы туризмнің жағажайына айналды.

Қайраткер тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай биыл республика көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылып, ескерткіштер ашылуда. Оған Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Дінмұхамед Қонаев музейі де бір кісідей атсалысуда. Үстіміздегі жылы Алматы қаласының әкімшілігі мен мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың  мұрындық болуымен музейде  рэкспозиция  жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ­бастамасымен  Қапшағай қаласының атын өзгерту туралы Жарлық шықты. Біздің ­музейден тұлғаға қалтысты экспонаттардан «Д.А.Қонаевтың дәуірі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Музейде сақталған фотоқұжат материалдары, өзінің пайдаланған заттары көрерменнің қызығушылығын тудырды.

Қазіргі уақытта Д.А.Қонаевтың  есімін насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифтпен жабдықталды. Музейдің реэкспозициясы Д.А.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабының желісімен жасалды.

Бүгінгі таңда үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың балалық шағы, еңбек жолдары мен саяси аренадағы ролі туралы ақпарттармен жақын танысу үшін музейге қала тұрғындары мен қала қонақтары көптеп келуде.  Келушілер ел ағасының өткен өмірі мен тұлғалық болмысын тану аясында, сонымен қатар еліміздің саяси-экономикалық  дамуына қосқан ерен еңбегімен танысып, өзі 24 жыл тұрған  пәтерін тамашалап, ризашылықтарын білдіреді. АҚШ 34-президенті  Дуайт Эйзенхауер  «Мен бүгін өте зор тұлғамен кездестім. Ол терең саясаткер,  халық даналығын толық меңгерген адам» деп әлем халқы мойындаған ірі саяси тұлға деп Қонаевқа баға беруінің өзіндік мәні бар.

Дінмұхамед Қонаевтың ұлан-ғайыр еңбегі мен ісін жас ұрпақ ұмытпайды. Өйткені даналығына даралығы жарасқан, ел ағасының ұлы істері келешекте де жалғаса бермек. Қазақ елі барда, ұлы тұлға мәңгі жасай береді.

Роза КАЖЕНОВА,

Қонаев музейі ғылым

бөлімінің жетекшісі

1517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы