• Тіл
  • 08 Қыркүйек, 2022

«ЕЛЕНОВКА» АУЫЛЫНЫҢ АТЫ – «САМАЛТАУ»

Белгілі ақын ­Алмас Темірбай әлеуметтік желідегі парақшасында «Еленовка» ­ауылы енді «Самалтау» болып аталатынын жариялап, қуанышын оқырманмен бөлісті.

«Еленовка»  Көкшетаудан 30 шақырым жердегі Қостанай облысының Айыртау ауданына баратын жолдағы ауыл. «Самалтау» – ауыл іргесіндегі Жуантөбенің сол жағындағы, Шалқар көлінің оң жағындағы жатаған тау, ата-бабаларымыздың қонысы. Ал  «Самалтау» – атақты Үкілі Ыбырайдың шәкірті, ақын-әнші Сұраған Асайыновтың жүрегінен шыққан өлең. Президент әкімшілігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы ономастикалық жұмыстарды жүргізу туралы өткен жиналыстың хаттамалық тапсырысының 2.2 тармағын орындау мақсатында «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022–2025 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру жөнінде соңғы қорытынды жиыны, ел тұрғындарының дауыс беру жиыны өтті. Құдайға шүкір, нәтижесіз емес, барлығы заң бойынша жасалды. Өз басым үш жарым жылда осы ауылға он шақты рет барып, өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. ...Бірліктен айрылмайық, ең бастысы» деген жазба қалдырды.

«Қуанышты бөліссең көбейеді» дейді.  Біз осыған орай «Еленовка» ауылының әкімі Тайлақ Жұмағалиевпен телефон арқылы тілдесіп, мәселенің мән-жайына қанықтық.

– Ауылдың тарихи атауын қалпына келтіру жөнінде тұрғындармен жиналыс өтті. Бұл мәселе төңірегінде бұрын да жиналып, талқылау жасадық. Жиынға 150-ге жуық тұрғын қатысып, оның 98-і ауылдың атын ауыстыруды  қолдады, 46-сы қарсы дауыс берді. Қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, аудандық мәдениет бөліміне жолдадық. Аудандық мәдениет бөлімі құжаттарын дайындап, енді мәселе  мәслихатта қаралатын болады. Содан кейін барып, облыстық ономастикаға жіберіледі, одан қоғамдық келісім қарастырады,  облыстық мәслихатқа жіберіледі. Облыстық мәслихат шешім шығарса, оң өзгеріс болады деп ойлаймыз, – деді ауыл әкімі  Тайлақ Жұмағалиев.

Іс оңынан басталды, нәтижесі де ұзақ күттірмей, енді «Самалтаумен» жұрт асыға қауышуға жазсын дейміз!

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

1401 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы