• Білім және ғылым
  • 15 Қыркүйек, 2022

Болашақ балабақшадан басталады!

«Балалар жылына» орай  Алматы қаласында «МКҚК 108 бөбекжай-балабақшасында өткізілген іс-шара  «Әдемі сурет әлеміне саяхат» атпен өтті. Онда тәрбиеленушілер мен ата-аналар бірге ұжымдасып, шараның қызықты өтуіне  атсалысты.

Әрине, кішкентай бүлдіршіндердің арманы асқақ. Ойы жүйрік. Осындай риясыз күлкімен жүретін балалардың шеберлігін шыңдау тәрбие қауымның міндеті. Ал олардың еңбегі шын мәнінде шынайы. Әсірелеу жоқ. Олар кіршіксіз көңілмен нені ойлайды, соны салады.

Болашақ балабақшадан басталады. Бұл жерде тәрбиешілердің еңбегі үлкен. Ертең осы кішкентай бүлдіршіндердің арасынан қазақтың талантты азаматтары шығуы мүмкін. Тек олардың талантын ұштай білген ләзім. Сондай-ақ бұл жерде тәрбиешілерге көмектесіп жүрген ата-аналардың ұмтылысын атап өту керек. 

Назым ҚҰМАР, ата-ана: Балабақша білім баспалдағы болғандықтан, балалардың сурет арқылы ақыл-ой өрісін, қиялын дамытып жатқандары көңіл  қуантады. Балаларға сурет салдырып, қабілетін арттыруына балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілер үлкен үлес қосып отыр. Бұл орайда  балабақша меңгерушісі Гүлназ Қайынбайқызы Тоқановаға және ұжымға  сол үшін ризашылығымды білдіремін. Көрмедегі бүлдіршіндердің суретінен өмірге деген сүйіспеншілік, мейірім, әдемі сурет әлеміне саяхат, болашақтың  бояуларын көргендей болдым. Балалар да мәз-мейрам болып,  сурет салып, бір қуанып қалды. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да көп болса деген ниет білдіремін.

1661 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы