• Ақпарат
  • 17 Қыркүйек, 2022

Ардагерлерге арналған турнир өтті

Ауған соғысының тәмәмдалғанына 33 жыл уақыт өтсе, оның жанға салған жарасы әлі жазылмай тұр. Қанды қырғынға қатысқан майдангерлердің көбі бақилық болса, енді бір бөлігі қарттық шағын өткеріп, арамызда жүр.

«Social project management» орталығы» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Азаматтық борыш» жобасы аясында соғыс ардагерлерінің құрметіне орай үстел теннисінен, футболдан жастар арасында қалалық турнир өткізді.

Үстел теннисінен өткен турнир қызу тартыспен басталды. Жеребесі жолдас болып оңай қарсыласпен кезікендер де, жолдас болмай тәжірибелі қарсалыспен жолығып, ойыннан шығып қалғандар да болды. Бес ойын үстелінде өткен жарыстарға білікті судьялар төрелік жасады. Әр сет сайын теннисшілердің есебі судьялардың парағына тіркеліп отырды. Финалға екі жас ойыншы – С.Сәрсенбай және Т.Абділда шығып, ойын қорытындысы бойынша С.Сәрсенбай жеңімпаз болып танылып, Т.Абділда екінші орын иеленді. Ал үшінші орын А.Дәлелханұлының қанжығасына байланды. Барлық жеңімпаздардың мойнына медальдар ілініп, қолдарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылардың бәрі құр қол қайтпай, алғыс хат иеленді. Оларды марапаттауға «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Дәркенбай бастаған ардагерлер қатысты.

Футбол турнирі де басқа жарыстар сияқты Қазақстанның әнұранын орындаумен басталды. Ал жарыстың өзі олимпиадалық формада өтті. Яғни алғашқы турла топтық өзара кездесулер өтсе. Келесі турда жоғары ұпай жинаған командалар бір бірімен кездесіп, жеңілген команда жарыстан шығып қалып отырды. Осындай бәсекенің арқасында үш команда жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды №172 мектеп-гимназияның командасы алса, екінші орынды №188 мектептің командасы еншіледі. Ал үшінші орын №152 мектептің командасына бұйырды. Түрксіб ауданы ауған соғысы ардагерлері жеңімпаз ойыншыларға медаль, кубоктармен қатар бағалы сыйлықтарды атбыс етті. Дәл сол күні қазақ күресінен де турнир өтіп, оның жеңімпаздары да лайықты марапатталды.

1394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы