• Қоғам
  • 22 Қыркүйек, 2022

«АЛМАТЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН КІМДЕР АЛДЫ?

Алматы әкімдігі «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған жаңа тұлғалардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды қала әкімдігі. 

Марапатталған құрметті азаматтар қатарында:
• Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Ұлттық медицина қауымдастығының құрметті мүшесі, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі.
• Меруерт Қаратайқызы ­Өте­кешева – белгілі кеңестік және қазақ­стандық кино және театр актрисасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі.
• Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев – кеңестік және қазақ композиторы, әнші, ұстаз. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстанның халық артисі.
• Асылы Әлиқызы Осман – белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Ғалым, профессор. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
• Жүрсін Молдашұлы Ерманов – ақын, публицист. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
• Зинаида Леонтьевна Федотова – мемлекет және саясат қайраткері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген заңгері.
• Қайырлы Уатайұлы Жонқабаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, Панфилов дивизиясының жауынгері.
• Орынша Қарабалина – ұстаз, тарихшы. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
• Күпесбай Оразбайұлы ­Жам­пиісов – мемлекет және қоғам қай­раткері, отставкадағы I дәрежелі капитан, әскери матрос.
• Любовь ­Владимировна ­Ны­сан­баевна – Еңбек сіңірген сәулетші, ­Қа­зақстан қала құрылысшылары одағының президенті.
Марапатталғандарға құрметті атақ­пен қоса, 1 миллион теңгенің ақша­лай сертификаты табысталды.
 

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы