• Мәдениет
  • 29 Қыркүйек, 2022

АЛТЫНМЕН АПТАЛҒАН АЛТЫН БАЛА НЕМЕСЕ НЭНСИ АЛМАТЫҒА НЕГЕ КЕЛДІ?

Нұрлайым БАТЫР
«Ana tili»

Димаш феномені ХХІ ғасырда қазақ ұлтын әлемге әйгіледі. Тарихта болмаған толассыз жанкүйерлер қазақ пен Димаш ұғымын егіз көретіндей. Жақында ғана Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің жеке концерті осы сөзге дәлел бола алады. Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен ағылған қаншама адам Димаш үшін қазақ топырағына табан тіреді. ­Концерт болған күнгі Абай даңғылындағы көлік кептелісі жас әншінің кешінде мыңдаған адамның келгенінен дерек берсе керек. 

Алматыда өткен концертте Димаш Алтын адам стилінде киініп шыққанының өзі көп нәрсені аңғартады. Әлем халықтарына бейбітшілік тілеген ол, сол халықтар үшін ханзадаға айналып үлгерді. «Бір аспан тағдыры» әнін шырқаған Димаштың «Жаман ұлт жоқ. Әлемде тыныштық болсын, бейбітшілік болсын, соғыс болмасын. Ешбір халық, ешбір ұлт, ешбір ел зардап шекпесін. Қарапайым халықтың еш кінәсі жоқ. Соғысты олар бастамайды», – деген сөзі де көп тілеуі бейбітшілік екенін жеткізгендей.

Америкадағы Головкин-Канело сайысы туралы жанкүйерлер арасында: «Бұл жарыста екеуі де көп күш салған жоқ. Жеңімпаз – қазақ Әнұранын шырқаған Димаш» деген сыңайдағы пікір де айтылғаны туралы деректерді оқығанымыз да күні кеше еді. Димаш әндерін тыңдауға келген көп халық өкілдері тек қазақ әншісін ғана танып қойған жоқ. Сонымен бірге олар қазақ музейлерін аралап ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысты, Алатауға барып, оның тылсым табиғатына тамсанып таңдай қақты. Димаштың Алматыдағы концерті бұрын-соңды болмаған, ең айтулы оқиға деуге болатындай. Мыңдаған адамды, оның ішінде тілімізді білмейтін шетел азаматтарын қазақ тілінде ән шырқатып, ұлттық өнерімізге бас игізді. Бұл да  – тарихқа алтын әріптермен енетін мәртебелі оқиға. Алтын адам боп киінген Димаш – қазақтың алтын ұлы ретінде тарихта қалары сөзсіз. 

Димаштың шетелдік жанкүйерлері аз емес. Соның бірі кішкентай Габриел есімді АҚШ тұрғыны. Аутизм диагнозы қойылған ерекше бала Димаш әндерін айтып сөйлеуге бейімделіпті. Адам айтса нанғысыз жағдай дерсіз. Әйтсе де, бұл шындық. Оған Габриелдің анасы Нэнси мен осы оқиғаға куәгер Нью-Йорк қаласының тұрғыны, Димаштың жанкүйері Альмира Ерболат куә. Альмира Американың Лас-Вегас қаласында Димаштың фанаттармен кездесуінде Нэнсимен жүзбе-жүз көрісіп, осынау ғажайып оқиғаның куәсі болады. Әуел баста ұялы телефон арқылы танысқан шетелдік жанкүйер жайлы Альмира Ерболат Нью-Йоркте шығатын Kazunite сайтында былай депті: «Оның есімі  –  Нэнси Сенисерос. Габриел атты ұлы аутизммен ауыратындықтан, тоғыз жасына дейін тілі шықпапты. Сөйлегені екі жасар балаға ұқсаған көрінеді. Баласын жалғыз өзі асырап-жеткізуде. Бірде баласының үйде интернетті қосып қойып, ­Димаш Құдайбергеннің француз тіліндегі  «SOS» әнін бір сөзін бұзбай орындап тұрғанын көрген анасы өз көзіне өзі сенбепті. Сол күннен бастап ол Димаш деген қазақ әншісі бар екенін біледі. Күн өткен сайын оның «репертуарындағы» Димаштың әндерінің қатары көбейе түсуде. Димаш қай тілде ән айтса, соны жаттап алады. Арасында орыс, қытай, қазақ әндері де бар. Сол Димаштың бір әнін үйренген уақыттан бері, міне, бір жыл өтіпті. Содан бері баланың тілі шыға бастаған. Күндіз-түні тыңдайтыны  – Димаштың әндері». 

Димаштың кішкентай жанкүйерімен танысқан Альмира бұл оқиғадан  ерекше әсер алады. Ол Қазақстандағы Димаштың концертіне билет алған Нэнсиге қазақтардың қонақжайлығын көрсету мақсатында арнайы күтіп алуға бейілді демеуші, ұлтжанды азаматтар іздейді. Алыс Америкада отырып, қазақ елінен сондай азаматтарды тауыпты. EJI косметика кәсібін дөңгелетіп отырған Нұрахмет Бимұхамед пен жары Бұлбұл Ақиқат Димаштың Алматыдағы концертіне келген Нэнси мен оның ұлы Габриелді және олармен бірге бірнеше шетелдік жанкүйерді арнайы қонақ етіп, қазақы салт бойынша сый-сияпатын жасап, халқымыздың қонақжайлық дәстүріне қанықтырады. Мұндай мәртебені күтпеген Нэнси қазақ елінің зор ілтипатына дән-риза. «Димаштың әндері ұлыма осындай әсер бергеніне разымын. Балам бұрынғыға қарағанда көбірек күліп жүреді және музыкаға бұрынғыдан да көбірек ғашық болғанына қуаныштымын. Балам Димаш пен Қазақстанды бұрынғыдан да жақсы көріп кетті. Шынын айтқанда, ұлым осында тұрғысы келеді. Димашты алғаш рет осыдан бір жарым жылдай бұрын таныдым. Сол кезде балам Димаштың «SOS» әнін орындап жатқан. Үйде балам французша ән айтып жатты. Оған дейін ешқашан француз тілінде ән шырқамаушы еді. Көзін жұмып, бір жағынан жылап, французша ән айтып отырғанын байқадым. Оны көріп мен де қосыла жыладым. Себебі баламның өзі білмейтін француз тілінде өлең айтқанын ешқашан көрмегенмін. Ерекше эмоцияға берілгенім соншалық, еденге қалайша тізерлеп отырып, балама қарап тұрғанымды өзім де сезбей қалдым. Әкем келіп: «Саған не болды?» – деп сұрады. «Ұлым IPad-ымен тыңдап отырған әншіге қараңызшы. Рухани күйде отыр», – дедім мен. Әкем Ipad-қа қарады да: «Өй, бұл ­Димаш қой!» – деді. Түсінбей қалдым. Әкем: «Бұл  – Димаш қой. Әлемдегі нөмірі бірінші әнші!» – деді. Мен: «Димашты бұрын естіп көрмеппін», – дедім. Әкем төменгі қабатқа менімен бірге түсіп, Димашты теледидардағы үлкен экраннан көрсетті. Димаштың әндерін тыңдатты. Қатты таңғалдым. Үлкен әсер алдым. Ұлым да төменгі қабатқа түсіп, бізбен бірге SOS-ті тағы да тыңдады. Музыканы қайта сезініп, жан күйі ерекше әсерге бөленді. Димашта ерекше қасиет бар екенін білдім. Сол кезге дейін мен ұлымның қанша уақыт бойы Димашты тыңдап келгенін білмеген едім. Себебі  ол француз тілін білмесе де өлең сөзінің бәрін жатқа айтады. Димашты алғаш осылай таныдым.

Қазақ елін өте жақсы көремін. Табиғаты да бізге  соншама ұнамды болды. Габриел домбыраны жақсы көреді», – дейді Нэнси.

Димаштың концертіне ұлының бақыты үшін келген Нэнси Сенисерос Қазақстанға, оның халқына деген алғысын толассыз эмоциясы арқылы білдірді. Болашақта ұлы Габриел осында тұрақтап қалғысы келетінін де айтыпты. 

 Нэнси және Габриелмен танысып, сөйлесуге көмектескен АҚШ-тағы қазақ қызы Альмира Ерболатқа алғыс айтамыз.

1760 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы