• Руханият
  • 13 Қазан, 2022

«UMAI» Ұлттық сыйлығын кім алады?

«UMAI» Ұлттық сыйлығының лауреаттары 23 желтоқсанда белгілі болады. Қазір конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр. Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлері жобаға қатысу шарттары мен жүлде қоры туралы айтып берді.

Жоба «Театр өнері», «Хорео­гра­фиялық өнер», «Музыкалық-орын­даушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» сияқты 4 номинация бойынша 19 сыйлықты қамтиды. Сонымен қатар балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлде жарияланды.

Вице-министр «UMAI» ұлттық сый­лығы Қазақстанның шығарма­шы­лық ұжымдары мен жекеле­ген өнер қайраткерлерін елеулі кәсіби жетістіктері үшін қолдауға бағыт­талғанын атап өтті.

«Қатысушылардың өтінімдері ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына дейін қабылданады. Номинанттардың жұмысын, құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қай­раткерлері кіретін сараптама комис­сиясының мүшелері бағалайды. «UMAI» Ұлттық сыйлығының жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды. Айта кету керек, сыйлық шығармашылық ұжымдарға және жекелеген өнер қайраткерлеріне 2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін  театр, концерт жалпы өнер маусымында жасалған спектакльдер, концерттер, шығармашылық жобалар, өнер туындылары үшін беріледі», – деді Нұрғиса Дәуешов.

 

356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы