• Мәдениет
  • 13 Қазан, 2022

БІР СУРЕТ – БІР БАЙТАҚ

Ерболат Төлепбай «Сүгір»

Басқасын былай қойғанда, Париждегі көрмесі Сальвадор Далимен бір залда өткен Ерболат Төлепбай – күрделі суретші. Оның әр көрмесінен әсер алған көрерменнің «пікір білдіру» кітапшасына қалдыратын бағасы осы.Ол неге күрделі? Егер бәрі түсінікті болса,  онда өнердің керегі не? Бейнелеу өнерінің мақсаты айнытпай бейнелеу емес.Ол көрерменін ойландыруы, толғандыруы, күрсіндіруі керек. Осы тұрғыдан келгенде, ол дара.Даралық даналықты терең түйсінгенде ғана көрінеді. Ал даналықты әркім өз деңгейіне қарай әр жақтан іздесе, ­Ерболат даладан іздейді. Еуропада, басқа жұртта дала деген ұғым, түсінік бола бермейді. Ол түркі жұртында, оның ішінде қазақта бар.Сондықтан ол дала ұғымын әлемдік деңгейге алып шығу жолында жанкешті жұмыс істеп жүрген суретші. Бұл ретте суретші аталған тақырыпқа  даналарымыздың өзгеше болмысын, бедерлеу арқылы жол ашады. Мына әйгілі күйші жөніндегі «Сүгір» атты картинаға көз қарашығыңыз талғанша қарап, ой биігінен келіп  назар салсаңыз, даланың дара болмысын, кезеңдер көрінісін күй тілімен кейіптеген сәттерді түсіну қиындық туғыза қоймайды. Күй тілімен жазылған дала дәптерін парақтап шығасыз.

 

1322 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы