• Білім және ғылым
  • 13 Қазан, 2022

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҮМІТІ – БАЛАЛАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршаға белгілі. Сондықтан да балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынып, берілген тапсырмалар орындалуда. Бүгінде сол игі мақсат қолға алынып, республика көлемінде ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназия да аталған ауқымды шараға үн қосып, балалар денсаулығы мен білім беру және әлеуметтік қорғау бағытында біршама жұмыстар жүргізді. 

Атап айтқанда, мектебіміздің оқушылары жаз бойы балалар арасында ұйымдастырылған республикалық және қалалық әртүрлі іс-шараларға белсене қатысты. «Білімге ұмтылу, ең­бексүйгіштік және отаншыл­дық» республикалық онлайн акциясы аясында «Менің саяхатым» тақырыбында оқушылар бейнеролик түсіріп, мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктелді. Мектеп оқушылар арасында «Жаздың бір күні» атты челлендж жүргізіліп, мектеп қабырғасында білім алатын әр сынып балаларының жазғы демалыс кезінде Отанымыздың ең тамаша таулары мен өзен-көлдерін, тарихи ескерткіштерін, әдемі қалаларын, туған ауылдарын аралаған көрініс­тері негізінде жасалған бейнероликтер мен фото-суреттер жинақталып, мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

2022–2023 оқу жылында мектеп оқушыларының қолайлы әрі заманауи оқу кабинетінде білім ала отырып, шығармашылық-зияткерлік, танымдық дағдыларын дамыту мақсатына бағытталған физика, химия пәнінен жаңа оқу кабинеттері модернизациядан өтті. Алматы қаласының Білім басқармасы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы Республикалық акция аясында «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен Жетісу аудан әкімшілік тарапынан көпбалалы және жағдайы төмен отбасылы 1-сынып оқушыларына 16 мектеп формасы мен оқуға керекті құрал-жабдықтар берілді.

Мектеп оқушылары да балалар арасында ұйымдастырылған әртүрлі қалалық байқауларға қатысып, белсенділік көрсетті. Алматы қаласы күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігі өткізген «Мен туған Алматымның тарихын білемін» қалалық байқауында 10-сынып оқушылары: Мұхаметнұр Шолпан, Молдаш Аида Алғыс хатпен марапатталса, 11-сынып оқушысы Касжанова Алтынай орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 11-сынып оқушылары арасында өткен «Жеті жұрттың тілін біл» атты қалалық байқауда үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді. Ал мектебіміздің 9-сынып оқушысы Томирис Қанағатқызының «Бабаларым рақмет сендерге» атты жеке сурет көрмесін Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музейінде ұйымдастырып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Берекеге толы балалар жылы ізгі іс-шаралар, есте қалар ғажап сәттермен, мемлекеттің қам­қорлығы, ата-ананың сенімі, ұстаз­дардың үміті негізінде жалғасын табуда.

Дариға СПАТАЕВА,

№148 мектеп-гимназияның

тарих пәнінің мұғалімі

 

АЛМАТЫ

1554 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы