• Тіл
  • 13 Қазан, 2022

ШЕШЕНДІКТІҢ КІЛТІ – ДЕБАТТА

Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс  болып саналады. Негізінен, дебат – саясат, бизнес, әлеуметтік қызмет, білім беру, психология және тағы басқа салаларда қолданылады. Атап айтсақ, оқушылардың бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру жүйесі – дебат.  

Қазіргі таңда мектепішілік дебат қозғалысын дамыту – өзекті мәселе. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың танымдық белсенділігін арттырыратын зияткерлік ойынның ең негізгісі деп есептелінетін дебат қозғалысын қайта жаңғыртып, жандандыруды қолға алуды тапсырған болатын. Осыған орай оқушылардың бойында саяси мәдениетті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, пікір мен идея алмасу, тұлғаны жан-жақты дамыту мен ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында №178 мамандандырылған лицейде де белсенді дебат клубтары құрылып, қарқынды жұмыстар жүргізіле бастады. Әсіресе шет тіліндегі білімді дамыту үшін, соны­мен қатар оқушылардың пәнге деген қызы­ғу­шылықтарын арттыру мақсатында «GEN – Z» атты ағылшын тіліндегі топ құрылды.

Қазіргі кезде үш тілдегі пікірсайыс ойындары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар пікірсайысшы оқушыла­рымыз қаламыздың басқа да мектеп оқушыларымен пікір сайыстары арқылы тығыз байланыста.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен Тұран Университетінде өткен Қазақстан мектеп оқушылары арасында ағылшын лигасы дебаттары 2021 жылдың мамыр айында өткізілді. Лицейіміздің жоғарғы сынып оқушылары үшін бұл алғашқы дебат – сайысы болып саналады. Осы «Turan Debate»-тің Республикалық кезеңінен «GEN – Z» тобының 5 мүшесі қола медальға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.

Қазір ағылшын тіліндегі пікірсайыс ойындары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар пікірсайысшы оқушыларымыз қаламыздың басқа да мектеп оқушыла­рымен пікірсайыс кездесулері арқылы тығыз байланыста. Атап айтсақ, № 166, №105, №27 гимназияларының дебаттық командаларымен достық кездесулер ұйымдастырылып, пікірсайыстар өткізілді. Жолдастық пікір сайыстардан да лицей оқушыларының көрсеткен нәтижелері өте жоғары.

2022 жылдың қорытындысы бойынша лицейіміздің ағылшын тілі дебат клубы «Gen – Z» командасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «МЕН – ДЕБАТЕРМІН» челленджіне 8–11 сынып оқушылары және колледж студенттерінің қозғалысының мүшелері арасында өткізілген, 370 адам және 76 видеороликтерден құралған байқауға қатысып, ­І орынға ие болып, топ мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.

Ағылшын тілінде дебат сайыстары әртүрлі тақырыптарда өтеді. Алдын ала тақырып беріліп, оқушылар болатын дебатқа дайындықтарын бастап кетеді. Себебі оқушылар үшін ағылшын тілі ана тілі болмағандықтан, бірден дәлелдер келтіру қиынға түсуі мүмкін. Недегенмен де топ мүшелерінің мақсаты әр ойыннан суырылып шығу болғандықтан, бар күш-жігерлерін салуда. Дебат мүшелері түрлі тақырыптар бойынша сайысқа дайындалу барысында ағылшын тілін үйренуде дебаттың пайдасы орасан зор екендігін байқауда. Жалпы айтқанда, оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге деген ынталары жоғарылады.

Нұргүл ДОСҚОЖАЕВА,

№178 мамандандырылған лицейдің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

АЛМАТЫ

2141 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы